Электронды қызмет жемқорлықты жояды

Электронды қызмет жемқорлықты жояды

Бүгінде барлық сала заманауи технологиялар жетістігін пайдаланып, электронды қызмет аясын кеңейтуде. Мысалы, соттарда «Сот кабинеті», «Төрелік»,          «Сот құжаттарымен танысу», т.б. қызметтер іске қосылған. Сот процестері дыбыс-бейне жазбаларға жазылып, арнайы бағдарламалар арқылы қашықтықтан өтуде. Сондай-ақ, ел соттары әлеуметтік желілер арқылы халықпен ашық байланысты нығайтуға зор мән беруде. Сала қағазбастылықтан арылып, электронды сот төрелігіне көшті. Сот істерін тиімді шешудің жаңа тетіктері қалыптасты. Бұлардың бәрі өз кезегінде жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз етіп, жемқорлықтың жолын кеседі.

        Азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға баруы негізінен олардың ішкі сенімінің әлсіздігінен туындайды. Осы орайда, құқықтық білім мен мәдениеттің деңгейін көтеру қашан да маңызды. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық немесе қылмыстың орын алу фактісі жөнінде хабарлаған, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасап, іздестіруде жүрген жанның тұрған жері туралы мәлімет берген, ондай қылмыстарды ашып, тергеуге, анықтауға және жолын кесуге жәрдемдескен азаматтар мемлекет қорғауына алынады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңға сай, мемлекеттік орғандар, ұжымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. 

         Қарамағындағылардың жемқорлығы үшін басшысының да жауапкершіліксіз қалмайтыны заңмен бекітілді. Бұл тұрғыда Президент «Қол астындағы қызметкерлердің жемқорлыққа қатысы болса, орталықта да, өңірлерде де бірінші басшылар тікелей жауап береді» деді. Осынау дерттің мемлекет дамуына тигізер зардабын ұдайы насихаттап, азаматтарға заң талаптарын түсіндіру – баршаға міндет. Жемқорлықпен күрес тұтастай қоғам болып атсалысуды талап етеді. Академик Салық Зиманов тәуелсіз сот болмай, сыбайлас жемқорлықпен күресу қандай да бір нәтиже бермейтінін айтқан болатын. Осы мәселеге айрықша көңіл бөлініп, соттардың тәуелсіздігін барынша қамтамасыз етуге жағдай жасалуда.

 Н.С.Қыдырғали 

Ақтөбе гарнизоны                                                    

әскери сотының сот приставы                                               

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив