Ақпараттық технологиялар жемқорлықтың жолын кеседі

Ақпараттық технологиялар жемқорлықтың жолын кеседі

Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съезінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесіне ақпараттық технологияларды кеңінен қолданудың маңыздылығына тоқталған болатын. Нәтижесінде, қазақстандық сот жүйесі дамудың жаңа сатысына көтеріліп, бұрын соңды тәжірибеде болмаған заманауи технологиямен толығуда. Атап айтқанда, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Электронды шақыру қағаз», «Сот құжаттарымен танысу» «SMS–хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді қызметтер бүгінгі сот жүйесінің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді. Сондай-ақ, бұл қызмет түрлерінің артықшылығы мен тиімділігін қарапайым халық та сезінуде. Мәселен, «Сот кабинеті» арқылы кез келген азамат немесе мен заңды тұлға еш қиындықсыз сотқа жүгіне алады. Дәлірек айтқанда, бұл қызмет түрі сотқа жүгінушілерді әуре-сарсаңға түсірмей өзіне ыңғайлы уақытта, қалаған жерінен онлайн режимде сотқа талап арыз беруі үшін оңтайлы болса, сот үшін бұл жүйе артық қағазбастылықты азайтып отыр. Сондай-ақ, бұл судьялар мен арызданушының жүзбе жүз кездесуінің алдын алып, сәйкесінше сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі. Ақпараттық технологиялардың жаңалығы тек бұл ғана емес. Мәселен, бейнеконференцбайланысы арқылы республиканың басқа өңірінде тұратын сотқа қатысушы тараптан жауап алу мүмкіндігі де артып отыр. Мұны арадағы қашықтыққа қарамастан, уақытты үнемдеп, материалдық шығындарды азайтудың таптырмас тәсілі десек те болады.

ҚР Президенті Н.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 20-қадамында еліміздің барлық сот процестеріне бейне және дыбыс жазу таспаларын қолдануды міндеттеген еді. Қазіргі кезеңде Елбасының аталған бастамасы да өз жемісін беруде. Сот процесін бастап аяқ бейне таспаға түсіріп, онда айтылған әрбір сөздің дыбыс жазбасына басылуы сот хатшыларының жұмысын жеңілдетіп қана қойған жоқ, жалпы сот отырысының ашық өтуіне, сотқа қатысушы тараптардың өзін дұрыс ұстауға үйретеді.

Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдасымасында сот билігінің тәуелсіздігін арттыру, соттардың қолжетімділігі мен түрлі дау-дамайлардың тез әрі әділ шешілуімен қатар, халықарлық талаптарға толық жауап беретін қазақстандық сот жүйесін

құру көзделген. Осы ретте, сот жүйесіне енгізілген ақпараттық технологиялардың және бір жаңалық «Талдау» форумы электрондық сервисі жайлы айтпасқа болмас. «Талдау» сот актілерін жүйелеп, оларға мониторинг жасауды қамтамасыз етуге, нақты істер санаттары бойынша сот тәжірибесін талдауға, сот істерін қарау тәжірибесінің бірыңғай тәжірибесін қамтамасыз етуге, тұрақты сот тәжірибесін қалыптастыруға, қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

 

А.УТЕГЕНОВА,

Астана қалалық мамандандырылған

ауданаралық экономикалық

сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.