Судья әдебі- сот төрелігінің бейнесі

Судья әдебі- сот төрелігінің бейнесі

Соттар мен судьялар өз қызметінде жоғары кәсіби стандарттарды ұстануы керек. Қазіргі таңда судьялар дауласушы тараптардың ортасындағы тепе теңдікті ұстап дана, білімді, жан-жақты болуы тиіс. Олар тек құқық саласында ғана емес экономика, саяси, әлеуметтік, психологиялық салада білімді болуы қажет.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңына негізделе отырып қабылданған  Судьялар Әдебі кодексіне  сәйкес судьялар бірқатар қағидаларды әдеп нормаларын ұстануы тиіс. Яғни судья қызметте қабылдаған антын берік ұстай отырып қоғамдық, тұрмыстық жағдайларда өзінің судьялық лауазымына кір келтірмей жүріс-тұрысына мән беруі, оғаш әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асыру барысында өзге сырттан келетін ықпалдарға, қысымдарға, сот ісіне өзгелердің араласуына жол бермеуі керек, сот ісінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, тараптардың сот отырысында сот мадениетін сақтауға шақыру судьяның міндеті болып табылады. Неліктен аталған әдеп нормалары судьяларға жүктеледі себебі сот беделі, судьяның әдебінің көрінісі, азаматтардың сот билігіне деген сенімі тікелей судьялардың  сөйлеген сөздеріне, жасаған әрекеттеріне тікелей байланысты.

Судья соттан тыс тараптармен өзге де іске қатысты мүдделі тұлғалармен  процесстік емес байланыстар құруына тиым салынады. Аталған жағдай соттың тәуелсіздігі туралы қоғамның теріс ойына әкеліп соқтырады.

Қандайда бір іс аяқталып, сот шешімі шыққан соң судья сот шешімін түсіндіреді, алайда соттың мүддесіне залал келтіретін түсіндірмелерден тартынуы тиіс.

Судья саяси партияларда және саяси мақсатты көздейтін қо­ғам­дық бірлестіктерде болуы қызме­тіне сай келмейді, әрі ол сот билігінің бе­де­ліне күмән туғызбау үшін, өзінің діни на­ным­дары мен көзқарастарын насихаттауға, діни нышандарға деген өз көз­қа­расын жария түрде білдіруге тиіс емес.

Сот қызметі бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болғандықтан, судья шығарылған шешімдерге түсіндірме, іс бойынша заң шеңберінде анықтама, қабылданған құқықтық актілерге пікір бере алады. БАҚ өкілдерімен байланыс қоғаммен байланыстағы көпір, халықтың алдында сот төрелігі беделін арттыруға ықпалы зор. Алайда БАҚ өкілдері судьяның түсіндірмелерін бұрмалаған жағдайда құқықтық салдар туындауы мүмкін.

Сот билігінің беделін түсіруге әкеп соққан және судьяның абыройына нұқсан келтірген Әдеп Кодекстің ережелерін бұзу судьяны заңға сәйкес тәртіптік жазаға тарту үшін негіз болып табылады.

Қорыта айтқанда, сот қызметінің бейнесі судьялар болғандықтан олар сенімге кір келтірмей, қоғам тарапынан оң пікір қалыптастыра білуі қажет.

Кымбат Алпысбаева 

Астана қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив