«Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі»

«Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі»

         Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотында құқық қорғау органдарының өкілдері мен Орал қаласының прокуратура өкілдерінің қатысуларымен «Мемлекеттік тілдің  бүгіні мен ертеңі және мемлекеттік тілді қызмет бабында қолданудың маңыздылығы» аясында дөңгелек үстел өтті.

         Кеңсе бас маманы Гульмира Темиргалиева дөңгелек үстелді аша отырып, өткізіліп отырған шараның өзектілігі мен маңыздылығын айтып, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтіп, күнделікті қаралып жатқан істердің қазақ тілінде қаралуының саны мен сапасын арттыру қажеттілігін атап көрсетті.

         Дөңгелек үстел барысыныда жетекші маман Альмира Уюмдасова өз баяндамасында мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында баяндалып өткендей қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, қазақ тілін жаңғыртуға, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін тереңінен насихаттай отырып, рөлін нығайта отырып, оны жүзеге асыру,  біздің әрқайсымыздың міндетіміз болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында мемлекеттік тілде қылмыстық істерді және материалдарды қараудың санын және сапасын көтеру, мемлекеттік тілде құжаттарды сауатты әзірлеу және дайындау бойынша мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында мемлекеттік тілдегі материалдардың саны мен сапасын одан әрі арттыру, сондай-ақ қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мәселелері талқыланды. 

Туындаған сұрақтар бойынша мазмұнды түсіндірме берілді. 

Орал қаласының мамандандырылған

 тергеу сотының бас маманы Гульмира Темиргалиева

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив