ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА БАСТАУ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА БАСТАУ

Соттың заңды күшiне енген үкiмінiң, қаулысының, оның ішінде Қазақстан Республикасының ҚПК-нің(әрі қарай ҚПК) 71-тарауында көзделген тәртіппен шығарылған қаулысының күшi жойылуы және қылмыстық iс немесе осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен тәркілеу туралы өтінішхат бойынша iс жүргiзу жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта басталуы мүмкiн.

 Іс жүргiзудi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастаудың негiздерi мыналар болып табылады:

1) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан жәбiрленушiнің немесе куәнің айғақтарының, сарапшының қорытындысының көрiнеу жалғандығы, сол сияқты заттай дәлелдемелердің, тергеу және сот әрекеттерi хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу дұрыс жасалмауы;

2) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық әрекеттерi;

3) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған қылмыстық әрекеттерi;

4) осы Кодекстiң 502-бабында көзделген тәртiппен тексеру немесе тергеп-тексеру арқылы белгіленген және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкiм, ұйғарым шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған, өздігінен немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге сотталушы адамның кінәсіздігі туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адамның кінәлілігін айғақтайтын өзге де мән-жайлар;

5) сот актісін шығару кезінде сот қолданған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің конституциялық емес деп тануы;

6) осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен тәркілеу үшін негіз болған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтан соттың заңды күшіне енген ақтау үкімі не қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының немесе құрамының болмауына байланысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы негізінде босату не істі мәні бойынша қараған соттың үкімінде мүлікті тәркілеуді ішінара немесе толық қолданбау;

7) өзіне қатысты іс осы Кодекстің 335-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында белгіленген тәртіппен қаралған сотталған адам қылмыстық процесті жүргізетін органға келген жағдайда, оның ерік білдіруі.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуға жататын қылмыстық iстер бойынша сот шешiмдерi:

      Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша:

      1) айыптау үкiмi;

      2) ақтау үкiмi;

      3) iстi тоқтату туралы қаулы;

      4) мүлікті соттың үкіміне дейін тәркілеу туралы қаулы қайта қаралуы мүмкін.

Айыптау үкiмiн немесе мүлікті сот үкімі шығарылғанға дейін тәркілеу туралы қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша, сотталған адамның, ақталған адамның пайдасына қайта қарау ешқандай мерзiмдермен шектелмейдi.

Сотталған адамның қайтыс болуы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша ақтау мақсатында iс жүргiзудi қайта бастауға кедергi болып табылмайды.

Ақтау үкiмiн, iстi тоқтату туралы қаулыны қайта қарауға, сондай-ақ айыптау үкiмiн сотталған адамның жағдайын нашарлататын негіздер бойынша қайта қарауға тек қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмдері iшiнде және жаңа мән-жайлар ашылған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей жол берiледi.

           Жаңадан ашылған мән-жайлар соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталады және жәбірленушінің, куәнің айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрінеу жалғандығын, заттай дәлеледемелердің, тергеу және сот әрекеттері хаттамаларының, өзге құжаттардың көрінеу жалған екенін, аударманың көрінеу дұрыс аударылмағандығын, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, судьяның заңсыз және негізсіз үкім немесе қаулы шығаруға әкеп соққан заңсыз әрекеттерін куәландырады.

      Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың, апелляциялық немесе кассациялық сатылардың үкімі (айыптау да, ақтау да), істі тоқтату туралы қаулысы, үкім шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы қаулысы ғана қайта қаралуы мүмкін. Өтінішхат үкімді, қаулыны шығарған сотқа берілуі тиіс. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхат апелляциялық немесе қассациялық сатыдағы сотқа, олар сот актісін процестік шешім қабылдаумен мәні бойынша қайта қараған жағдайда беріледі. Егер сот актілері облыстық және оларға теңестірілген соттардың бұрын әрекет еткен кассациялық алқаларының қарау нысанасы болса, өтінішхатты осы соттардың апелляциялық сатылары алқалы түрде қарайды.

Айыптау үкімін немесе соттың үкімі шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы айыптау үкімін немесе қаулыны қайта қарау және сотталғанның немесе ақталғанның пайдасына іс жүргізуді қайта бастау мерзімдері шектелмеген. Ақтау үкімін, істі тоқтату туралы қаулыны немесе айыптау үкімін сотталғанның жағдайын нашарлататын негіздер бойынша қайта қарауға екі негіздің жиынтығы сақталған кезде жол: егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 71-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі өтпесе және жаңа мән-жайлар ашылған күннен бастап бір жыл өтпесе жол беріледі. Жаңа мән-жайлардың ашылу мерзімінің басталуын есептеу ҚПК-нің 501-бабының төртінші бөлігінде реттелген.

Сотталған, ақталған адамның, оған қатысты іс тоқтатылған адамның, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдерінің, жәбірленушінің, жәбірленуші өкілінің, сонымен қатар азаматтардың, оның ішінде осы іс бойынша процеске қатысушылардың арыздарынан, ұйымдардағы лауазымды адамдардың хабарламаларынан алынған ақпараттың, басқа қылмыстық істерді тергеп-тексеру және қарау барысында алынған деректердің негізінде прокурордың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхат беру құқығы бар.

           Іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау екі сатыдан тұрады: іс жүргізуді қозғау және өтінішхатты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарау.

       Үкімнің немесе қаулының күші жойылған және тергеп-тексеру жүргізілген соң кейінгі сот талқылауын алғашқы үкімді шығарған сот ҚПК-да белгіленген жалпы тәртіппен жүргізеді. Іс апелляциялық сатының іс жүргізуіне, егер бұрын осы саты үкімді өзгерткен немесе күшін жойған, сондай-ақ кассациялық саты оның күшін жойған жағдайда, қайта қарау үшін беріледі.

      Жаңадан шығарылған үкімге немесе қаулыға шағым берілуі, олар прокурордың өтінішхатымен қайта қаралуы немесе оларға жалпы тәртіппен наразылық келтірілуі мүмкін. 

Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы А.М.Каиров

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив