Этика – сот лауазымының көрінісі

Этика – сот лауазымының көрінісі

     Қазіргі таңда биліктің сот тармағына деген сенімін арттыру, сот жүйесі жұмысын  одан әрі жетілдіру заман талабы болып отыр. Судьялар мен экс-судьялардың моральдық-этикалық бет әлпетіне қарап ел тұрғындары жалпы судьялар корпусына баға береді. Судьяның қоғамдағы жүріс-тұрысына қарап, мемлекеттегі жалпы сот жүйесі туралы пікірлері қалыптасады. Осы орайда жұртшылық тарапынан болып тұратын тұрақты назар судьяға өзіне бірқатар шектеулер қою міндетін жүктейді.

      Қазақ халқында «билік айту оңай, біліп айту қиын» деген жанды сөз бар. Әділ қазылық ету кез келген судьяның борышы, парызы. Ол үшін қабылдап жатырған заң нормаларымен етене танысып, бес саусақтай біліп отыру қажет. Ең бастысы, әділ, адал болуы шарт деп есептеймін.

Сондықтан әрбір судья сот билігінің беделін арттыруға, өзінің кәсіби қызметін жетілдіруге қатысты жұмыстарды, жүктелген міндеттерді адал әрі нақты жүзеге асырса, мақсаттың орындалғаны. Ал егер әдептік нормалар бұзылса, тәртіптік шаралар қолданылатыны сөзсіз.

       Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам болып табылады. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңы мен «Судьялар әдебі» кодексі заман талабына сай судьяларға қойылатын жаңа талаптардың қатаңдығын аңғартады. Мұндағы негізгі мақсат – судьялар туралы, сот билігі өкілдері туралы оң пікір қалыптастыру. Аталған кодексте судьяның мінез-құлық принциптеріне дейін қамтылып, баса назар аударылып, оның сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңды, арды басшылыққа алып, шешім қабылдау қажеттілігі көрсетілген. Судья өзінің  кәсіби қызметін атқарған кезде заңға бағынуға және кез келген сырттан ықпал етуге жол бермеуге, кімнен шыққандығына қарамастан қорқытуға, қысым жасау мен құқықтық емес әсерлерге, сот процесіне тікелей араласуға қарсы тұруы қажет. Сот отырысын жүргізгенде де жоғары мәдениеттілік көрсетіп, өзін лайықты, әдепті ұстауға және процеске қатысушылардан да сондай қарым-қатынасты талап етуге және сот төрелігінің әділдігі  олардың күмәнін туғызбауы үшін шаралар қолдануға тиіс. Сонымен қатар сот билігінің беделіне күмән туғызбауы үшін өзінің діни нанымдары мен көзқарастарын насихаттауға, діни сенімдерге қатысты  көзқарасын жария түрде білдіруге тиіс емес. Кодекстер мен заңдар да көрсетілген шектеулерді назарға ала отырып, әділдіктің айнымас жолында тер төккен әрбір қазы судья әдебінің нормаларын қатаң сақтауы тиіс.

       Конституциялық деңгейде судьялардың тәуелсіздігі биліктің тармақтарға бөлінуімен қамтамасыз етіледі.  Биліктің сот тармағы өзге тармақтардан дербес және судьяға депутат та, кез келген мемлекеттік қызметші де ықпал ете алмайды. Сол себепті де судьялар партияға мүше бола алмайды.

       Қорыта айтқанда, осы мақалаға арқау болып отырған басты тұлға – судья сот ісін жүргізу қағидатын басшылыққа ала отырып, істерді қарау мерзімін бұзуды қысқарту, сот төрелігінің сапасын арттыру, еңбек тәртібін және судья этикасының нормаларын сақтау, сот беделін көтеру туралы талаптарды үнемі бұлжытпай орындап, антына адал болуы керек.

С.Есжанов, Жаңақала аудандық сотының төрағасы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив