Ақиқат жолымен жүру, әділ қазылық ету –  судьяның басты парызы.

Ақиқат жолымен жүру, әділ қазылық ету – судьяның басты парызы.

Бұрынғы қазақ халқының құқықтық жүйесінде билер сотының мәртебесі мен мәнін айқындайтын бірқатар айшықты қағидаттар мен нормалар қалыптасқан. Олардың негізі халықтың құқықтық түйсігіне терең бойлап, мазмұны мен мәнісіне жете баға берген. Мәселен, «Би төрттің құлы: адал еңбек, таза ниет, терең ой, әділдік». Айтылған ойдың астарлы мағынасынан биікті бағындырып, аққа жаршы болған судьяның тағдыры қандай болуы керектігін ұғуға болады. Жалпы, бүгінгі таңда өркениетті елдерде қалыптасқан өлшемдер негізінде таразыласақ, сот төрелігінің әділдігі және оның жедел әрі толық орындалуы кез келген елдің кемел болмысының көрінісі болып табылады. Ал, біздің қоғамымызда оны жүзеге асыратын басты тұлға – судья. Сондықтан, әділдіктің айнымас жолында тер төккен қазыларымыз судья әдебінің нормаларын қатаң ұстануы қажет.

Дана халқымыз «Билік айту – оңай, біліп айту – қиын» деп бекер айтпаса керек. Ендеше, ақиқат жолымен жүру, әділ қазылық ету – әрбір судьяның басты парызы. Қазы – халықтың ожданы. Демек, судьяның адамгершілік және моральдық-әдептік бейнесінен мемлекетіміздің мәртебесі айқындалады деп айтсақ артық болмас. Судья әдебінің кодексі кәсіби-әдеп өлшемдерінің жиынтығы ретінде сот төрелігін жүзеге асыруда және соттан тыс қызметтегі мінез-құлықтың судья үшін міндетті қағидаларын белгілеп отыр. Сондықтан, бүгінгі күні Судья әдебі кодексінің сот төрелігін жүзеге асырудағы алатын орны маңызды. Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы жаңа кодекстің жобасын әзірлеп, Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде 2016 жылғы 21 қарашада қабылданды. Жаңа кодекс 15 баптан тұрады. Көлемі жағынан бұрынғыдан ауқымды бұл құжатта судья әдебінің нормалары егжей-тегжейлі реттеліп отыр. Яғни, жаңа кодекстің жобасында судьяның кәсіби қызметтегі мінез-құлқына, әкімшілік өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезіндегі және қызметтік міндеттен тыс кезіндегі мінез-құлқына қойылатын талаптар және судьялардың жауапкершілігі арқылы ықпал ету шаралары көзделген.

Судья қызметтік міндеттерін өзінің жеке басының, отбасы мүшелерінің, туыстары мен жақындарының мүдделері үшін пайдаланбауы тиіс (қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, өмірді және денсаулықты, мүлікті қорғау мүдделерінен басқа). Сонымен қатар, оның отбасы мүшелеріне байланысты және судьялық міндеттерін орындауына кедергі келтірмейтін істерден өзге, басқа адамдардың істері немесе өзге де заңды мүдделері бойынша өкілетті өкіл ретінде әрекет жасауға құқылы емес. Сондай-ақ, ол құпиялы сипаттағы материалдық мүдделер туралы хабардар болуға және өзінің отбасы мүшелерінің материалдық мүдделері туралы ақпарат алу мақсатында ақылға қонымды шаралар қабылдауға, жұмыстан тыс кезінде өзін тәртіптілігі мен адалдығына дақ түспейтіндей етіп ұстауы керек. Жалпы алғанда судья процеске қатысушылармен іс жүргізуден тыс қарым-қатынастардан аулақ болып, кәсіби беделі күмән тудырмайтындай мінез-құлықты ұстануы қажет.

Жаңа кодекс қазақстандық Фемида қызметшілерінің әдеп ережесін реттеп қана қоймайды, осы ережені бұзғаны үшін жауапкершілікті де анықтайды. Сондықтан, сот жүйесі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын сенімді қалқанға айналуы ләзім. Қазыларымыз абыройы мен бейнесі, адамгершілік тазалығы судья деген жоғары дәрежедегі атаққа сай болуы үшін әрдайым талпынуы қажет. Қорыта айтқанда, би болмысы, оның адамгершілігі, оның моральдық-этикалық бейнесі бәрінен жоғары болуы қажет.

 

Н.КЕНДІРБАЕВА

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының судьясы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив