Цифрлы технология болашаққа нақты қадам.

Цифрлы технология болашаққа нақты қадам.

Заман талабына сай еліміздің барлық саласында цифрландыруға бетбұрыс байқалады. Елдегі сот саласы да соңғы кездері қарқынды цифрланып, ақпараттық технологияларға бет бұрып жатыр. «Виртуалды сот» пилоттық жобасы іске қосылды. Аталған жоба аясында тараптар смартфондарына орнатылған «TrueConf» қосымшасы арқылы сот процесіне бейнебайланыс арқылы онлайн режимде тікелей қосыла алады. Ал, сот процестерін виртуалды өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдеп, сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етуде. Яғни, қазір халқымызға сот процесіне қатысу үшін сот залына келудің қажеті жоқ. Цифрландыру бағдарламасы арқылы сот процесіне әлемнің кез келген түкпірінен онлайн қосылуға болады. Қазір дамыған технологияның бұл игілігін көптеген сот залдары көріп отыр. Азаматтардың еркін түрде кез келген қызметке қолжетімділігін қалыптастыру, үйден шықпай сотқа арыз-шағым беру немесе қаладан қалаға сапарлатпай, сот отырысына қатыса алуы, тіпті кейбір қылмыстық істердің қозғалысын ғаламтор арқылы бақылау мүмкіндігі салаға ашықтық әкелгенін мойындауымыз керек. Цифрлы технология сот саласының қарқынды дамуына ықпал етті. Жалпы қазірдің өзінде ақпараттық технологияларды енгізу, компьютерлік қамтамасыз ету, ғаламторға қосылу, «электронды үкімет» жұмыстарын ұйымдастыру көрсеткіші бойынша ТМД кеңістігінде алдыңғы қатарда келе жатқан елімізде алдағы уақытта да бұл бағыттағы істер қанатын кең жая береді деген үміттеміз.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтында 2014 жылы «Сот кабинеті» сервисі іске қосылып, электронды цифрлы қолтаңбаға ие азаматтар сотқа талап арыз, шағым, өтініш, пікір немесе қарсы талап арызды электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуде. Сонымен қатар, Жоғарғы Сотта өткен жылдан бастап сот процестерін бақылайтын ахуалдық орталық іске қосылды.

Цифрлы технология елімізді әлемдегі озық отыз мемлекеттің қатарына қосатын негізгі жолға айналмақ. Ақпараттық технологияларды дамыту сот жүйесі үшін басымды бағыты болып табылады. Себебі ол сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, оңтайландыру және автоматтандыру, оған қоса бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.

Жоғарғы сот заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы электрондық іс қағаздарын жүргізуге және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыс атқарғанын айта кеткен жөн. Қазір, күнделікті сот тәжірибесінде соттар IT-технологиялар және ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастаған.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты кеңсесінің бас маманы

М.Ж. Аккузова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Arianne 20 декабря 2023 23:51

    I loved as much as you'll receive carried out right here.
    The sketch is tasteful, your authored material stylish. nonetheless, you command get bought
    an nervousness over that you wish be delivering the following.
    unwell unquestionably come further formerly again since exactly the same nearly very often inside case you shield this increase.



    Here is my web site; ramenbetcasino buzz

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив