Сотпен жеке қаулылар шығару туралы

Сотпен жеке қаулылар шығару туралы

Заңдылықтың бұзу жағдайларын айқындаған кезде сот жеке ұйғарым шығарып, оны  тиісті ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға немесе өзге де тұлғаларға жолдауға құқылы, аталған тұлғалар бір айлық мерзімде қабыл данған шаралар туралы хабарлауы тиіс.

         Жеке ұйғарым заңды және негізді болуы тиіс.

Нақты іс бойынша ұйғарымда басқа істер бойынша жиналған мәліметтер мен дәлелдемелер болмауы тиіс.

Жеке ұйғарымның мәні дәл сол процесс бойынша шығарылған сот шешімінің мәніне қайшы болмауы тиіс. 

Іске қатысатын тұлғалармен дәлілдеу жөніндегі процестік міндет терді лайықсыз жүзеге асыру жеке ұйғарымның шығарылуына негіз бола алмайды.

Жеке ұйғарымды сот өз бастамасы бойынша шығарады; іске қаты сатын тұлғалар жеке ұйғарымдардың шығарылуын талап етуге құқылы емес. Олар тек жеке ұйғарымды шығару қажеттілігіне негіз болатын мән- жайлардың бар екендігіне соттың назарын аудара алады.

Жеке ұйғарым сот анықтаған мән..жайлардың негізінде сот шешімінен бөлек, бірақ онымен бір мезгілді шығарылады. Шығарылған жеке ұйғарым қарастырылатын іс бойынша сот отырысында жария етіледі. Уәжделген жеке ұйғарымның әзірленуі кейінгіге қалдырылуы мүмкін, алайда жеке ұйғарымның қарар бөлігін сот сол іс қаралып аяқталған сот отырысында жария етуі тиіс. Жеке ұйғарымның жария етілген қарар бөлігіне сот қол қойып, ол іске қатыстырылуы тиіс.

Шешім шығарылып, шешім заң күшіне енгеннен кейін жеке ұйғарымдардың шығарылуына рұқсат етілмейді.

«Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының                     2010 жылғы 25 маусымдағы N 1 Нормативтік қаулысының  5-тармағының талаптарына сәйкес жеке ұйғарымның дәлелдеме бөлімінде соттардың заңдылық бұзушылыққа жол берілгені туралы тұжырым жасауына негіз болған дәлелдер көрсетіліп, жол берілген заңдылық бұзушылықтың мәні ашылуы, талаптары бұзылған нақты нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ әрекеттері (әрекетсіздіктері) заңдылықтың бұзылуына әкеліп соқтырған тұлғалар көрсетілуге тиіс.

Жеке ұйғарымда іс бойынша мүдделі тұлғалардың әрекеттеріне қатысты нақты нұсқаулар немесе ұсыныстар болмауға тиіс, сондай-ақ кінәлілердің құқықтық жауапкершілігінің түрі мен шаралары да белгіленбеуге тиіс.

Жеке ұйғарымның қарар бөлімінде ұйымдардың атауы мен орналасқан жері көрсетілуге, сондай-ақ жеке ұйғарымды орындамаудың, жауапсыз қалдырудың немесе жеке ұйғарым бойынша мерзімінде жауап бермеудің салдары, жеке ұйғарымға шағым келтіру құқығы мен тәртібі туралы АПК-нің 270-бабы екінші бөлігінің ережелері түсіндірілуге тиіс.

Жеке ұйғарымдар қараусыз қалдырылған жағдайда немесе жеке ұйғарымда көрсетілген заң бұзушылықтарын жою бойынша шаралар қолданылмаған жағдайда, сондай-ақ, жеке ұйғарымдарға дәлелді себеп терсіз уақытылы жауап қайтарылмаған кезде соттар лауазымды тұлғаларды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  664-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы.

Әкімшілік жазаға тарту тиісті лауазымды тұлғаларды сотқа жеке ұйғарым бойынша қолданылған шаралар туралы хабарлау міндетінен босатпайды.

Егер де істі қарау барысында сот тараптың, процесстің басқа қатысушыларының, лауазымды тұлғаның немесе өзге де тұлғаның іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін айқындаса ол туралы прокурорға жазбаша түрде хабарлайды.

Жоғарыда аталған нормативтік қаулының 10-тармағында егер жеке ұйғарымдар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын тұлғалар істерді қараған кезде қатыспаса, оларға қатысты жеке ұйғарымдар шығарылғаны туралы білмесе және (немесе) заңмен белгіленген шағымдану мерзімін өткізіп алса, олар сондай-ақ жеке ұйғарымдарға шағым беруге құқылы екендігі түсіндіріледі.

Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы Е.Ибраимов

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив