Азаматтық істердің соттылығы

Азаматтық істердің соттылығы

Барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық істерді бірінші сатыдағы сот ретінде қарау құқығы табылады. Алайда соттар заңнамамен оның құзыретіне жатқызылған істерді ғана қарауға және туындаған дауларды шешуге құқылы. Осыған байланысты азаматтық істерді мәні бойынша қарауға қатысты өкілеттіктерін нақты анықтау қажеттілігі туындайды, оған соттылық ережелері арқылы қол жеткізіледі.

Соттылық – бірінші сатыдағы соттарда қаралуға жататын істерді құзыреттілігі бойынша соттар арасында бөлу, яғни азаматтық істі қарауға тиісті нақты сотты белгілеу. Өзінің келісімінсіз ешкімге ол үшін заңда көзделген соттылық өзгертілмейді. Сол себепті соттылық азаматтық процесте өте маңызды институт болып табылады, өйткені судья талап қоюды (арыз) қабылдау және азаматтық істің жалпы юрисдикция соттарына бағынатындығын анықтау арқылы қай соттың соттылығына жататынындығын шешеді.

Соттылық қағидалары Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 3) тармақшасын іске асыруға кепілдік береді, оған сәйкес өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды.

Соттылық Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 3-тарауында көзделген ережелермен реттеледі.

Азаматтық іс егер тараптардың бірі жеке тұлға болып табылса, талап қоюларды аудандық (қалалық) соттар қарайды. Егер істің тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылса – талап қою мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың соттылығына жатады.

Азаматтық процестік кодексінің 29-бабына сәйкес, талап қою жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Жеке тұлғаның, оның ішінде заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның тұрғылықты жері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген қағидалар бойынша айқындалады. Заңды тұлғаға талап қою құрылтай құжаттарына сәйкес және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа беріледі. Заңды тұлға құрмайтын ұйымға талап қою оның орналасқан жері бойынша беріледі.

Сонымен қатар тараптар осы істің аумақтық соттылығын, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысындағы соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша да аумақтық соттылықты өзара келісім бойынша өзгерте алады (Азаматтық процестік кодексінің 32-бабы).

Талап қоюшы сотқа жүгінген жағдайда, өзінің талап қоюының соттылығын дұрыс айқындауға, яғни процестік қателікті болдырмау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандай сот талап қоюды қарауға құқылы екенін дұрыс анықтауы тиіс.

Егер іс осы соттың соттылығына жатпаса, бірінші сатыдағы судья Азаматтық процестік кодексінің 152-бабына сәйкес талап қоюды қайтарады.

Соттылық қағидалары сақтала отырып, соттың іс жүргізуіне қабылданған іс кейіннен ол басқа соттың соттылығына жатқызылса да, сот оны мәні бойынша шешуге тиіс.

Егер тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтінішхат берсе; бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдірілгеннен кейін істі осы сотта қарау мүмкін болмаса; істі осы сотта қарау кезінде оның іс жүргізуге соттылық қағидалары бұзыла отырып қабылданғаны анықталса және де Азаматтық процестік кодексінің 34-бабында көзделген басқа да негіздер болса, сот істі басқа соттың қарауына береді.

Істі бір соттан екінші сотқа беру – ұйғарымға шағым жасау мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берілген жағдайда – шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі.

Екі тарап та сот айқындаған соттылықпен келіскен жағдайда, олардың жазбаша өтінішхаты бойынша істі бір соттан екінші сотқа беру ұйғарым шығарылғаннан кейін дереу жүргізіледі.

Егер істі соттылық туралы қағидаларды бұзып қараған жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға жатады.

Сонымен, соттылық дегеніміз – соттың белгілі бір азаматтық істерді қарау және шешу құзыреті (немесе өкілеттігі).

Демек, соттар заңнамамен өздерінің құзыретіне жатқызылған істерді ғана қарауға құқылы.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Әлия Утегенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

  1. аватар
    Marita 27 сентября 2023 20:17

    Hey! Quick question that's completely off topic. Do you
    know how to make your site mobile friendly? My blog looks weird when viewing from my iphone.

    I'm trying to find a theme or plugin that might be able to fix this
    issue. If you have any recommendations, please share.
    Many thanks!

    Feel free to surf to my webpage - Medikamente ohne ärztliche Verschreibung

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив