Ұрлықтың көбейгені – ұяттың азайғаны

Ұрлықтың көбейгені – ұяттың азайғаны

Ұлтымыз үшін ұрлық жасау өте ұят нәрсе. Сол себепті ата-ана баласына жастайынан «біреудің ала жібін аттама», «ұрлықтың түбі қорлық» екенін үйретіп, санасына сіңірген. Десек те бүгінгі таңда еліміз бойынша түрлі деңгейдегі ұрлық жасау фактілері өршіп тұр.

Ойнап жүріп от басқандар түптің түбінде жазасын алады. ҚР ҚК-нің 188-бабында ұрлаған адамның қандай жаза алатыны айқын көрсетілген. Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Былтырғы жылы Жаңақала аудандық сотында ауырлығы әр түрлі санаттағы ұрлық, алаяқтық фактілері бойынша 10 қылмыстық іс тіркелген. Соның ішінде мазаны алып тұрған – мал ұрлығы. Қылмыстық кодексте мал ұрлаған азаматтарға арнайы бап бар. Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деп отырған ауылдағы ағайынның берекесін қашырған -  әккі ұрылар. Не десек те, Абай атамыз айқандай, «қазақтың міні – мал ұрлығы» деп өз заманында да айтса да, әлі де өзектілігін жоймай отыр. 

Оңай жолмен олжа тауып, байып кетуді көздеген жандар қатты қателеседі. Одан да тереңірек білім алып,  мамандық бойынша еңбек етіп, ризықты адал жолмен жегенге жетер нәрсе жоқ. «Маңдай термен тапқан нан қашан да тәтті» екенін естен шығармаған абзал.

С.Танатарова, Жаңақала аудандық сотының бас маманы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив