Алаяқтардың арбауынан  абай бол!

Алаяқтардың арбауынан абай бол!

Алаяқтық – ол бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену.

Қазіргі таңда ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық ең көп тараған қылмыс түрлерінің бірі болып отыр. Көп жағдайда алаяқтар адамдарды тауар сатып аларда, еңбекке орналастыру, несиелік қарыз алу, пәтер жалдау, бағалы сыйлықтар ойнату секілді сылтаулармен алдап жатады.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін кез келген ақпараттың анық-қанығына көз жеткізбей, ешқандай әрекетке бармау керек. Достарыңыздан әлеуметтік желі арқылы алған хабарламалардың өзіне сенбеу керек. Себебі аккаунттар бұзылған болуы да ықтимал. Жеке мәліметтерді ешкіммен бөліспей, сақтау керек. Егер де күмәнді ресурстарда сізден мәліметтерді енгізуді сұраса, келіспеңіз. Себебі тәжірибелі алаяқтар аз ғана ақпараттың өзін кәдесіне пайдаланып кетуі мүмкін. Сізге таныс емес нөмірлерден келген хабарламаларға назар аудармаңыз. Кез келген мессенджерлерден келген ссылкаларды жөн-жозықсыз аша беру де дұрыс емес.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабында алаяқтық бойынша жаза мөлшерлері көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген кодекстің 190-бабының 1-бөлігіне сай, мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Екінші бөлікке сай қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Үшінші және төртінші бөліктерге сай мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда, мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға, мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ғаламтордағы алаяқтық туралы бүгінде мамандар көптеп жазып та, айтып та жүр. Десек те санын соғып қалушылар қатары азаймай отыр. Сол себепті тұрғындарғаәр нәрсеге де мұқият қарауын ескертеміз.

С.Танатарова, Жаңақала аудандық сотының бас маманы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив