Қоғамдық қатынастар саласындағы даулар бойынша татуласу рәсімдері туралы мәселелер

Қоғамдық қатынастар саласындағы даулар бойынша татуласу рәсімдері туралы мәселелер

2021 жылдың шілде айынан бастап қолданысқа енгізілген, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (ары қарай Кодекс) қабылдануына байланысты бүгінгі күні жария-құқықтық дауларда бойынша көпшіліктің құқықтық сауаты артып, азаматтардың, заңды тұлғалардың билік органдарына деген заңдық талабы күшейген.

Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді. Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.

Азаматтар жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде теңсіздікке тап болатыны жасырын емес. Жаңадан қабылданған Кодекс осы олқылықтарды реттеп, оңтайландырады

Әкімшілік сотта, бүгінге дейін, жалпы юрисдикциялық, сондай-ақ экономикалық және азаматтық соттарда қаралып келген мемлекеттік орган мен заңды тұлғалар, азаматтар арасындағы әкімшілік даулар қаралады.
«Мемлекеттік органның шешімімен келіспеген азаматтар осы сотқа талап арызбен жүгіне алады. Мемлекеттік орган сотта өз шешімінің, әрекетінің немесе әрекетсіздігінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеуге тиіс.

Осы заң қабылданға дейін тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын болса, оған Медиация туралы заң қолданылмайтын.

Ал қазіргі кезде әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте арнайы татуластыру рәсімдерін жүргізу тәртіптері қарастырылған.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 120,121-бабтарында, татуластыру рәсімдері, сотта медиация жүргізу тәртібтері қарастырылған.

 Сот (судья) тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды, оларға дауды процестің бүкіл сатысында реттеуге жәрдемдеседі.

Кодекстің талабына сай, тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

Қазіргі кезде жария-құқықтық даулар бойынша татуластырудың тиімді тәсілдерін соттағы бітімгершілік процесінде жүзеге асыруда медиация қызметі керек.  Бүгінде халықаралық тәжірибеде медиация бітімгершілікке бастайтын ең тиімді тәсіл ретінде танылып отыр.

  Медиаторлар жұмысының қажеттілігі мен белсенділігі күннен-күнге артып келеді.

Осы тұста сөзіміздің дәлелі ретінде, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының жаңа Кодекс қабылданғаннан кейін, өзара медиация тәртібімен татуласқан істер бойынша статистикаға сүйеніп, біраз көз жүгіртсек болады.

2022 жылдың бірінші жарты жылдығында сотқа 2470 іс келіп түскен, соның ішінде қаралған істердің 29,6 % шешім шығарылса, 27,5% медиация тәртібімен аяқталған.

Қазіргі кезде, дауды медиация тәртібімен ең көп шешілетін істердің бірі: сот орындаушылардың іс әрекетіне шағым беру істері бойынша.

Мұндай жетістіктерге жетудің ең бірінші себебі, жаңа Кодекс бойынша  сот әкімшілік іс бойынша медиация жүргізу кезінде, объективтілік пен бейтараптықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрқайсысына олардың әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар барлық күмәндар, қайшылықтар мен көмескіліктер әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі.

 Әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады. Яғни, сот сот әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді.

Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтады. Яғни сот өз бастамасы  бойынша медиация кезінде қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинап, тараптардың алдында іс бойынша қандай шешім қабылдануы мүмкін екендігі жайлы өз пікірін білдіреді. Мұндай жағдайда, тараптар көбінесе, соттың пікіріне келіседі, істі насырға шаптырмай, судья медиатрдың көмегімен дауды медиация тәртібімен шешеді.

Келісімнің ең тиімді жағы, тараптарды татуластыратын шарттарда, міндеттердің орындалу мерзімі, сот шығыстарын, оның ішінде өкілдер көрсеткен қызметке ақы төлеуге арналған шығыстарды бөлу тәртібі көрсетіледі. Дау созбалаңға салынбай, тез арада шешіледі.

Әрине дауласушы тараптар мұндай келісімді ерікті түрде орындауы тиіс. Ал, егер орындалмаса, ол, келісім жасаған адамның өтініш хаты бойынша сот беретін атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

Сонымен қатар, сот Кодекстің 127 бабы бойынша процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкін. Атап айтқанда, соттың тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы ұйғарымын орындамағаны үшін, осы сот актісінде ол бір айдан аспайтын мерзім ішінде орындалуға жататын мерзімді көрсете отырып, жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады.   

Дауласқандардың бітімге келуі сотқа да, халыққа тиімді екенін түсініп, дауларды сотқа жеткізбей-ақ бітімгершілікпен шешу мәселесіне бәріміз ат салысқанымыз жөн. Әсіресе, мемлекеттің лауазымды адамдарының жаңа қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің мақсатын, мағынасын жете түсініп, тәжірибеде қолдануын белсенді түрде қатысқанын қалаймыз.

 Б.Д.Бияхметова 

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік  сотының судьясы              

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив