Жаңа Кодекс теңсіздікті жоюды көздейді

Жаңа Кодекс теңсіздікті жоюды көздейді

Биылғы жылдың шілдесінде қолданысқа енетін тағы бір Заң «ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі». Аталмыш кодекс 2021 жылы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Оның ішінде  4 бөлім, 175-бап, 29-тарау бар. Кодекс тараптардың қоғамдық-құқықтық даулар бойынша қатынастарын және әкімшілік процедураның өзін реттейді, сәйкесінше соттар ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік органдар да әкімшілік кодекске бағынады.

Заң тікелей күшіне енгеннен кейін, 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бас құжатта айтылғандай, 10 кодекс пен 65 заңда көрініс табады. Сондай-ақ, көптеген шетелдерде, оның ішінде бұрынғы Кеңес елдерінде де Балтық елдері, Әзірбайжан, Армения, Өзбекстанда әкімшілік әділеттілік бар. Ендігі уақытта мұндай соттар Қазақстанда да құрылатын болады.

Әкімшілік Кодекспен мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдері, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастары, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібі реттеледі, яғни жеке және заңды тұлғалар мен әкімшілік органдардың, лауазымды адамдардың арасында туындайтын мәселерлер мен шағымдарды шешу болып табылады. Ескере кету керек, шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке немесе әрекетсіздікке, шағымды қарайтын басқа органға немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралатын, талап қою арқылы сотқа шағым жасауға құқылы.

Кодекс екі бөліктен тұрады. Біріншісі әкімшілік рәсімдер болса, екіншісі сот үрдісін қадағалап, жүргізу. Иә, көптеген азаматтар жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде теңсіздікке тап болып жататыны жасырын емес. Бұл заң сол олқылықтарды реттеп, оңтайландырады.

Енді мемлекеттік орган мен жеке тұлға арасындағы дау тиімді шешіледі. Бұған дейін мұндай істер азаматтық соттарда қаралып келген. Ол кезде мемлекеттік ұйымдардың бәсі басым болатын. Жаңа кодекске сай мемлекеттік орган немесе квазисектор өкілдері тек жауапкер болып табылады. Жеке тұлғаның мүддесі қорғалған сот шешімі орындалмаса, жауап беруші тараптардан 100 айлық-есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржы өндіріледі. Бүгінде елде 21 әкімшілік сот құрылып жатыр.

Жасыратыны жоқ, мемлекеттік органдар мен қарапайым азаматтар арасында даулы жағдайлар жиі туындайды. Іс сотқа жеткен кезде шешім көбіне мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлғаның пайдасына шешіліп жатады. Мемлекеттік органдардың қолында барлық ресурс бар. Ал қарапайым адамда ондай әлеует жоқ. Бүгінге дейін қаралған мұндай істердің 85%-ы мемлекеттік органдардың пайдасына шешілгенін көреміз. Ал биылғы шілде айында күшіне енгелі отырған кодекс осы теңсіздікті жою мақсатын көздейді.  

Даурен Байменов

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив