Билер соты  -  ұлттық құндылық.

Билер соты - ұлттық құндылық.

Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жақшысы. Билер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен шешіп оырған. Ертедегі бір бидің өзі осы күнгі соттың да, прокурордың да, адвокаттың да, қаншама мекеме, ұйым басшыларының да қызметін атқарып келген.

        Атқарғанда да ол билердің кесім, бітімі көпшіліктің көзінше ашық аспан астында айдан анық жария боп отырған. Ешқандай құпия, алдын-ала ымыраласу, пәтуаласу деген болмаған. Билер өзінің сөзін, шешімін көпшілікке салып, «Ал, халайық, бұған не дейсіздер, ризамысыңдар? деп мақұлдасып отырған. Бұдан артық қандай жариялылық болмақ. Сондықтан да халық өзінің от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жара билік айтатын шешен билерін ханнан бетер қадірлеп, сыйлап, олардың айтқан кесімді, бітімді сөздерін жадында сақтап келген.   

        Қазіргі кездегі сот жүйесіндегі ашықтық, жариялылық қазақ билерінен бастау алған десе де болады.

        Қазақ ел таныған билерге кенде болмаған. Оларды халықтың өздері қалап, би атап отырған. Биді байлық та, барлық та жасай алмаған. Би тұғырына топты жарып, таразы басын тең ұстап, әділін, қара қылды қақ жарып айтқан кісі көтерілген. Олар өздерінің шешендігін, әділ төрелік айта алатын қасиетін көпшілік алдында көрсете білген. Олар барынша әділ, ешкімге бұра тартпайтын, тура сөйлейтін нағыз шешен, әрі ақылгөй болған. Сондықтан да халық «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп мақалдап кеткен.

         Қазақ елі егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет атанғалы ата-баба дәстүрі жаңғыртылып, ана тіліміздің қадірі артты.

        Осындай елі үшін аянбай еңбек еткен, қасиетті дуалы сөзді шешен би бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеттерін орындау қазақ халқының абыройлы міндеті. Ата-бабалар аңсаған тәуелсіздіктің құндылығын бағалау, азаматтардың құқықтық санасын арттыру және жастарымыздың патриоттық сезімін ояту мақсатында қазақ билерінің қол жеткізген жетістіктерін дәріптеп отыруға тиіспіз, сонымен қатар, олардың турашылдығы мен әділдігін жалғастыру сот билігін жүзеге асырушы судьялардың парызы.

Елі үшін аянбай еңбек еткен билер сотын сот жүйесіне енгізу дауды азайтудың тиімді жолы деп білемін. Тарихқа көз жүгіртіп билердің орындарының қандай ерекше екендігін айтып кеттік.

Билер соты – сонау ата-бабамыздың кезінде ерекше орын алған. Тарихта барлығымызға белгілі Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің аттарын ұмыту мүмкін емес. Олар тек сот төрелігін жүзеге асырған жоқ, мемлекеттің де құрылымына қатысты мәселелерге да араласты. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» секілді заң жинақтарын басшылыққа ала отырып, өз даналылығымен, ұтқыр ойларымен, елге жасаған еңбегінің арқасында ел сыйлаған тұлғалардың игі істерін кейінгі ұрпаққа паш ету міндетіміз. Осындай беделі бар билер сотын құру қазіргі таңда ақыл айтар ел ағалары, дауды шешер ақсақалдар басқарса, бітімгершілікке баулыса міне сонда билер сотына деген қажеттілік туындайды. Ұлттық құндылықтарымызды сол қалпында еңгізуге тырыссақ билер сотының беделі жоғары болмақ.  

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының Бас маман сот мәжілісінің хатшысы     

Б.А.Ермухамбетова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив