Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы

Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданған. Бұл кодекс 5 тараудан тұрады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Сондай-ақ, қоғам мен мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметшіге өзі атқарып отырған кәсіби қызметіне бар күш-жігерін, білімін, тәжірибесін салып, өз отаны – Қазақстан Республикасына адал қызмет ететіндігіне сенім білдіреді.

Аталған кодексте, мемлекеттік қызметшінің қызметтік қатынастардағы және одан тыс уақыттағы, яғни, көпшілік алдында, бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеу кезіндегі стандарттары қарастырылған. Соның ішінде мемлекеттік қызметшінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына тоқталатын болсақ:

Мемлекеттік қызметші қызметтен тыс уақытта:

- Жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, соның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

-Қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

- өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке нұқсан келтіруге әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтардың құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауына жол бермеуге тиіс.

Сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметші жоғарыда аталған кодекстің талаптарын сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің жоғары лауазым иесі екенін дәлелдеп, барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметке жұмсап, отанымыз- Қазақстан Республикасының игілігін арттыруға арнауымыз қажет.

Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын қалтқысыз орындауы керек. Оларды сақтамау жағдайлары, тәртіптік шара қолдануға алып келеді. Ал, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын мінсіз сақтауы қызметтегі бақылауды және ілгерілеуде оң әсерін тигізеді.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының Кеңсе меңгерушісі

А.У.Кожина

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Kellee 5 февраля 2024 17:16

    Thanks for your personal marvelous posting!
    I definitely enjoyed reading it, you might be a great author.I will remember to
    bookmark your blog and may come back from now on. I want to encourage
    you to ultimately continue your great writing, have a nice holiday
    weekend!

    Feel free to visit my blog ... Marcel

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив