Миранда ережесі құқық қорғау ережесі ретінде

Миранда ережесі құқық қорғау ережесі ретінде

Миранда ескертуі Америка Құрама Штаттарындағы заңды талап болып табылады. Оған сәйкес қамауға алынған адам оның құқықтары туралы хабардар болуы керек, ал оны ұстаған құқық қорғау органының қызметкері ол туралы сұраққа оң жауап алуы керек. Миранда ережесі - Миранда Аризонаға қарсы істің нәтижесінде пайда болды және сотталушы Эрнесто Миранданың атымен аталды, оның айғақтары бесінші түзетуді бұзады деп іс материалынан алынып тасталынған. Алайда Миранда істегі басқа дәлелдер негізінде сотталды.

Миранда ережесін 1966 жылы АҚШ-тың Жоғарғы соты өзін айыптамау құқығын қамтамасыз ету үшін енгізді (латынша nemo tenetur se ipsum accusare). Содан бері қамауға алынған адамнан жауап алу кезінде оның құқықтары оқылғанға дейін алынған кез келген ақпарат рұқсат етілген дәлел ретінде қарастырыла алмайды.

20 ғасырдың соңғы онжылдықтарында Америка Құрама Штаттарынан үлгі ала отырып, көптеген басқа елдерде осындай ережелер қабылданды.

Басқа елдердегі осындай талаптар: Австралияда үндемеу құқығы жалпы заңға негізделген. Ол құқық былайша айтылады:

Қаламасаңыз, ештеңе істеудің немесе айтудың қажеті жоқ. Сіздің кез келген сөзіңіз немесе әрекетіңіз дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін. Сіз бәрін түсінесіз бе?

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, айыпталушылардың 4-9 пайызы ғана үндемеу құқығын пайдаланады.

Ұлыбританияда:

Ұлыбритания заңына сәйкес. 1984 жылғы «Полиция және қылмыстық дәлелдемелер туралы» заңның , полиция қызметкері қамауға алынған адамды қамауға алу кезінде немесе бірінші мүмкін болған жағдайда, мысалы, көлікте немесе оқиға орнынан кетіп бара жатқан кезде хабарлауға міндетті.  Мұндай хабарламадан кейін процессуалдық ережелерге сәйкес полиция қызметкерлері қамауға алынған адамның құқықтары туралы ескерту жасауға міндетті.

Ескерту мәтіні әрқашан бірдей және полиция қызметкерлері мен қамауға алынған адам арасындағы әрбір ресми қарым-қатынаста: қамауға алу, жауап алу, қайта жауап алу немесе беттестіру кезінде айтылады.

Германия:

Германияның қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес айыпталушы бірінші жауап алудың басында келесі жайттар туралы хабардар болуы керек:

  • оған тағылған айыпты және соған тиісті қылмыстық нормалары туралы,
  • айыптау туралы өз ойын айту немесе айтпау туралы,
  • кез келген уақытта және жауап алу алдында оның таңдауы бойынша адвокатпен кеңесуіне құқылы екендігі туралы.

Ресей Федерациясы:

Ресей Федерациясының Қылмыстық-процестік кодексінің 223.1 бабына сәйкес адам күдікті ретінде тартылған кезде ол туралы жазбаша түрде хабардар етілуге тиіс және хабарламада осы адам күдікті болып табылатын нақты қылмыстың сипаттамасы болуы керек. Сонымен қатар, хабарлама беру кезінде тергеуші күдіктіге оның осы бапта көрсетілген құқықтарын түсіндіруге міндетті. Ресей Федерациясының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 46-бабында адвокаттан және айғақ беруден бас тартуға құқығы бар. Белгілі бір дәрежеде бұл нормаларды «Миранда ережесінің» аналогы деп санауға болады.

Франция:

Францияда ұсталған адам қамауда ұстаудың максималды мерзімі туралы хабардар болуы тиіс , тұтқындау туралы туыстарына немесе жұмыс берушіге хабарлау құқығы, медициналық тексеруден өту және заңгерлік кеңес алу құқығы туралы хабардар болуы керек. Қылмыс жасады деген айыпталушыға оның үндемеу, мәлімдеме жасау және сұрақтарға жауап беру құқығы ескертілуі тиіс. Барлық түсініктемелер айыпталушыға түсінікті тілде жасалуы тиіс.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы   

Қуаныш Рахманов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив