Сот жүйесі – жауапты сала

Сот жүйесі – жауапты сала

Сот жүйесінің қалыптасу жолы туралы тарих тұңғиығына көз жүгіртсек.

Қазақ хандығы тұсында дәстүрлі құқық пен сот билігі ұғымы қатар қалыптасты.

Қазақ мемлекетінің ел болып бой көтеруіне, ежелгі дәуірден бастап адамзаттың табиғи болмыс-бітіміне сіңген әдет ғұрып, салт-сана арқылы   қалыптасқан заңдар үлгісі ықпал етті десек қате болмас.

Жастайдан көкейге қонған «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би» деген ұлы сөздің мағынасы да тереңде жатыр. Майқы би қалдырған жеті түрлі мемлекеттік заң ережелері қоғамдық қатынастармен байланысты адам құны, жесірлер мен неке, жер иелігі мен бөлісі, ұрлық, барымта, дау-шарлар және мал құны туралы құқық нормаларын қамтыған. Сот үкімдері мен шешімдері осы ережемен айқындалған. Қазақ халқының негізін қалап отырған ру-тайпалар сол кездегі Шыңғыс хан қағанатының құрамындағы ұлыс болғандықтан, жоғарыда аталған заң ережелері қазақтың дәстүрлі құқығында кеңінен қолданылған.

Ал билер сотының Майқы биден бастау алатыны – баршамызға мәлім. Содан бері Қазақ елінде қалыптасқан билер бітімі әр кезеңдегі мемлекеттік құрылым-жүйеге қарай дамып, өркендеп отырды.

XVI ғасырдағы 1511-1523 жылдары билік басында болған Қасым хан шығарған «Қасым ханның қасқа жолы» атты заң жарлығы, 1598-1628 жылдар аралығында билік еткен Есім хан жария еткен «Есім ханның ескі жолы» өз дәуіріндегі заң-жарғылардың, мемлекеттік құқықтардың жинақталған озық үлгісіне айналды. Қолданыстағы азаматтық заңнама нормаларында  аталған заңдар жинағында белгіленген нормалармен ұқсастық та бар.

Қазақ билері қалдырған бай рухани мұра өзінің маңызын әлі күнге жоғалтпады. Билер қоғамдағы алауыздықты реттеуге ат салысқан жылдары көшпелі елде қалыптасқан қазақтың әділ сот құндылығы баршаға танылып, «Әділ соттың алтын ғасыры» деген атаққа ие болған.

Билер соты сол дәуірде мемлекеттің маңызды институты ретінде бой көтеріп, қазақ қоғамының дамуында басты рөл атқарды.

Тәуке хан ел арасында ақыл парасатымен, әділдігімен, батырлық әрекеттерімен белгілі болған қазақ мемлекетінің құқықтық негізін қалаушылар -  Төле би, Қазыбек би, Әйтеке биді  жұмылдыра отырып, «Жеті жарғы» заңдар жиынтығын әзірледі. Әйгілі билер соттық заңдық жүйені қалыптастыруға бағытталған заңдар жинағын әзірлеу барысында дала ережесі мен қазақ халқының  санасында қалыптасқан салт-дәстүрді ескерді.

Ғасырдан-ғасырға жалғасқан дәстүрлі құқықтық әдет-ғұрыпты ескере отырып әзірленген, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік  құқық нормаларының жиынтығынан құралған «Жеті Жарғы» атты заңдар жинағы дала билерімен сот ісін қарауда қолданылды.

Заңның әрбір бабы, талаптары мен реттеу функциялары сол заманның тарихи жағдайларына, ұлттық идеяны қорғауға, көшпелі өмірдегі қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған. Аталған құжат қазақ халқының ұлттық бірлігін нығайтуға, ұлттық сана-сезімін көтеруге, рулар арасындағы келіспеушілікті тоқтатуда маңызды рөл атқарды.

Дала билерінің құқықтық мәртебесі қазақтардың Ресей империясының құрамына кіргеннен кейін өзгерді. XVII ғ. екінші жартысынан бастап қазақ елінде ресми билер соты жүрігізіле бастады.

1991 жылы елбасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы жарияланып, қазақ елі еркіндікке,  тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл тарихи дата соңынан қазақ елінде көптеген реформалар орын алды. Реформа Қазақстандағы үшінші билік сот жүйесіне де жетіп, 1993 жылы алғаш рет конституциялық терминологияға  «Сот билігі» ұғымы енгізілді.

Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылатын мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау,  еліміздің Ата заңында, қолданыстағы заңдарында, өзге де нормативтік-құқықтык актілерінде, халықаралық шарттарында көрсетілген тәртіппен орындалуын қамтамасыз етеді.

Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар ішінде заңдылық пен сот төрелігінің  сенімді кепілі болатын сот жүйесін құру, оны нығайту және адам құқығы қорғалатын құқықтық мемлекет құру жолында соттық-құқықтық реформалар жүргізілді.  Судья мәртебесі, судьялардың тәуелсіздігі заңмен белгіленіп,  заңнамалық база қалыптасты. 

Соттардың қызметін қамтамасыз ететін материалды-техникалық мәселелер де шешілген,  барлық ғимараттарда сотқа келушілерге қолайлы жағдай тудыратын фронт-кеңселер ашылып, ақпараттық техникалармен жабдықталған.  

Сот жүйесінің модернизация сатысынан сүрінбей өткенін, соттарда енгізілген инновациялық технологиялар жұмысынан байқауға болады. Технологияларды енгізу бойынша соттарда жүргізілген ауқымды жұмыстар бүгінгі күні өз жемісін беріп үлгерді.

Қазіргі уақытта сотқа онлайн арыз тапсыруға, қашықтықтан онлайн сот отырысына қатысуға,  іс бойынша құжаттарды жүктеп алуға, сот отырысы хаттамасының  электронды нұсқасын жазып алуға және тағы да басқа  қызмет алуды оңтайландыратын мол мүмкіндіктер бар.

Аталмыш құралдардың барлығы бюрократиядан арылып, қызмет көрсету және қызмет алу жұмыс барысын  жеңілдетуге септігін тигізді.  Соңғы жылдары елімізде белең алған пандемиямен байланысты ахуалдың өзі соттардың қашықтықтан жұмыс жасауына толыққанды дайын екендігіне көз жеткізді. 

Бүгінгі сот жүйесі өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере білген, жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін сот төрелігінің әлділігін дәлелде­ген  биліктің бір тармағы.

Дей тұрғанымен, азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін сот жүйесін одан әрі дамыту жұмыстары әлі де жалғасын тауып жатыр. 

Сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігін арттыратын реформалардың барлығы дерлік  сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға, халықтың конституциялық құқықтарын қорғауға және олардың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталған.

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының төрағасы 

Тимур Көпбосынов

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив