Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

Бүгінгі күні сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында, түрлі бағдарламалар мен жобалар жасалуда. Сот жүйесіндегі ғылым мен техниканың жетістіктерінің бірі «Төрелік»,  «Сот кабинеті», «Дыбыс-бейне жазба» құралдарын қолдану сияқты тетіктер  азаматтардың сот қызметіне қолжетілімдігін жақсартады.

Бұл қызметтер-сот отырысына қатысушыларына пароль беру арқылы сот істері бойынша ақпарат алу үшін және іс бойынша барлық сот актілерімен танысуға мүмкіндік жасайды.

Сот отырысын аудио-бейнежазба кезінде сот отырысының хатшысы тыңдағыштар арқылы тыңдау жолымен жазба сапасына ағымдағы бақылау, арнайы бағыттағы бағдарламада белгіленген аудио-дыбысжазу эквалайзері және сыртқы дыбысқа тербелу эквалайзер шкаласының тербелуіне әсер етуін бақылау жолымен дыбысжазба кешенінің жұмысқа жарамдылығына бақылау жасауды іске асырады. Сот отырысы барысында міндетті түрде сот процессіне әрбір қатысушының сөз сөйлеуін тіркейтін дыбыс белгісін басып тіркеп отырады, сондай-ақ қысқаша хаттамадан кейін арнайы электронды жеткізгішке /DVD дискі/ жазып іске тіркеп отырады.

         Сотқа электронды түрде талап – арыз, шағым, өтініштерді "Сот кабинеті» арқылы беруге, сондай-ақ, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіп арқылы қадағалап отыруға болады. Сонымен бірге азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген өзіне ыңғайлы уақытта үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимде «Сот кабинеті» интернет сервисі арқылы электронды түрде талап -арыздарды беруіне, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға мүмкіншілігі бар.

         Сот кабинетінің мақсаты- бүгінгі таңда азаматтарға және уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін қолдану барысын түсіндіру.

         Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін Сот кабинеті сервистерін қолдануға пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмерін көрсету жеткілікті. Сот кабинетіне тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.

         Сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процессінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштер бере алады.

         Сот жүйесінің ашықтығы азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыратын бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

А.А.Тлемберлиева

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив