Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет — бұл адамдардың әлеуметтік қызметінің бір түрі. Бұл ұғым меншік нысандарының тәуелділігіне байланысты, адамдардың органдар, мекемелер, бірлестіктердегі, ұйымдардағы қызметті жүзеге асыруларына және қызметкерлердің функцияларын орындау сипатына қарай қызмет мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.

Мемлекеттік қызмет кең және тар мағынада түсінілуі мүмкін. Кең мағынада мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік органдарда, мекемелерде, көсіпорындарда және ұйымдардағы еңбек қызметі мен қызметтік функцияларын орындауды айтуға болады. Ал тар мағынада мемлекеттік қызметші деп мемлекеттік билік органдарында қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауын айтуға болады.

Мемлекеттік қызмет арқылы мемлекеттік органдардың міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік қызмет түрінің мемлекеттік-өкімдік сипаттамасы бар және оны мемлекеттік қызметшілер деп аталатын азаматтар жүзеге асырады, яғни мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматын айтамыз.

Мемлекеттік лауазым — мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдың өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі;

Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі;

Мемлекеттік қызметші — мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;

Лауазымды тұлға — ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша үкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам. Лауазымдық өкілеттік — заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретіні нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік.

Сонымен, мемлекеттік қызметтегі қызметшілердің ақы төленетін лауазымдарға ие болуына қарай, мынадай әр түрлі лауазымдық функцияларды жүзеге асырады, олар:

— басқарушылық (орган, мекеме және т.б. басшылары) 
— құқық қолданушылық (IIO қызметкерлері және т.б.) 
— әлеуметтік-мәдени (оқытушылар, дәрігерлер және т.б.) Мемлекеттік қызметтің материалдық игіліктерді өндіруден, кәсіпкерліктен және басқа да еңбек қызметтерінен айырмашылығы — қызметші еңбегінің заты болып ақпарат саналады. Қызметші адамдардың мінез-құлқына әсер етеді. Олар нақты материалдық құндылықтарды жасамайды, бірақ олардың қамтамасыздандырылуына қажетті жағдайларды жасайды.

Сонымен, мемлекеттік қызмет мемлекет пен азаматтың арасындағы қатынасты байланыстырушы звено болып саналады. Мемлекеттік қызметтің міндеттерінің ішінде, негізгі болып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, азаматтық қоғам негіздерін нығайту саналады.

Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізі

Мемлекеттік қызмет, қызметке кірудің және өткерудің жағдайы мен тәртібін, қызметшілерді ынталандыру шаралары мен жауаптылық шараларын, қызметтік қатынастарды аяқтаудың негіздерін реттейтін мемлекеттік қызмет институтын құрайды.

Мемлекеттік қызмет институты салааралық сипатта болып саналады. Оған конституциялық, әкімшілік, еңбек, азаматтық, қаржылық және басқа да құқық салаларының нормалары кіреді. Мемлекеттік қызметті реттейтін арнаулы актілер болып «Мемлекеттік қызмет туралы» 23.07.99 жылғы Қазақстан Республикасының №453-1 Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 10 наурыздағы №357 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет өткеру туралы ереже»; ҚР Президенті 29.12.1999 ж. №317 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жазалар қолдану тәртібі туралы Ереже»; Қазақстан Республикасы Президентінің 31.12.1999 жылғы №321 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіпті жазалар қолдану тәртібі туралы Ереже»; Қазақстан Республикасы Президентінің 21.07.2000 жылғы №328 қаулысымен бекітілген «ҚР Мемлекеттік қызметкерлерінің қызмет этикасы Ережелері»; Қазақстан Республикасы Президентінің 21.12.1999 жылғы №319 Жарлығымен бекітілген «ҚР Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің анты» және т.б.

Мемлекеттік қызмет түрлері

Мемлекеттік қызметтің түрлеріне мемлекеттік басқару саласындағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтары жатқызылған. Билік тармақтарына бөлу ұстанымына байланысты, мемлекеттік қызмет, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарындағы және басқа да мемлекеттік органдардағы (прокуратура) қызмет болып бөлінеді.

Мемлекеттік қызметтің әр түрлі аялары мен салаларына байланысты мемлекеттік қызмет әскери, ішкі істер органдарындағы, қаржы полициясы органдары, кеден және салық және т.б. қызметтерге бөлінеді. Аталған қызмет және де басқа да осындай қызмет түрлеріне арнайы қызметті реттейтін заң актілері бар, мысалы, «ҚР ІІО қатардағы және басшы құрамдағы тұлғалардың қызмет өткеруі туралы Ереже».

Мемлекеттік қызмет ұстанымдары

Ұстаным деп мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыруға негіз болатын идеялар түсініледі. Ұстанымдар мемлекеттік қызметті реттейтін заңдарда белгіленеді, олардың негізгісі болып ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» 23 шілде 1999 ж. қабылданған Заңы саналады. Осы заңның 3-бабында, мемлекеттік қызметтің ұстанымдары бекітілген, олар:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет:

1) заңдылық; 
2) қазақстандық патриотизм; 
3) мемлекеттік өкіметтің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы; 
4)  азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы; 
5) жалпы қол жетімділік, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы; 
6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі; 
7) мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі; 
8) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу; 
9) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынышты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі; 
10)  мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі; 
11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру; 
12) мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы; 
13)  мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу; 
14)  мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы; 
15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу ұстанымдары.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.

Ақмола гарнизоны әскери сотының Бас маман сот отырысының хатшысы Аманбек С.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив