Сот актілерін заңды түрде даулау – құқықтық мәдениетті сақтау.

Сот актілерін заңды түрде даулау – құқықтық мәдениетті сақтау.

Соңғы жылдары сот шешімдеріне риза емес азаматтар сот шешімдеріне қарсылықтарын процессуалдық заңға сәйкес емес жолмен шешуді мақсат тұтып жүр.

         Яғни, көшеде, сот ғимараттарының алдында жиын ұйымдастырып, сотқа қарсы ұрандаған плакаттармен көшеге шығып, әлеуметтік желілерде сот істері туралы ақиқатқа жатпайтын жарияланымдар салады.

         Олардың негізгі талаптары:  

  1. қандай да бір азаматтық, әкімшілік іс бойынша сот актісінің күшін жойып, өз мүддесінде жаңа шешімнің шығарылуы;
  2. айыптау үкімінің күшін жойып, ақтау үкімінің шығарылуы немесе керісінше жәбірленуші тараптың талабы - ақтау үкімінің күшін жойып, айыптау үкімінің шығарылуы.

         Қорыта айтқанда, істі заң тұрғысында емес, өз мүддесінде шешу.

         Сөйтсе де, аталған талаптарды қою тәртібі процестік заңмен көзделген.

Істер бойынша шешімдерге шағым, өтініштер Азаматтық процестік, Қылмыстық процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік, Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстерде көзделген тәртіпте апелляциялық, кассациялық тәртіпте, жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қаралады.

         Бұл үрдіс Ата Заңымызда және «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңда, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады, сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады деп нақты бекітілген.

         Осы бекітілген тәртіпке қайшы кейбір азаматтар сот процесін әлеуметтік желідегі немесе көше процесіне айналдыруға тырысады, судьяға психикалық қысымшылық көрсетеді.

         Тағы да айта кететін жәйт, азаматтардың сот төрағаларының қабылдауын талап етуі туралы.

         Конституциялық Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.

         Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады.

            Осындай заң талабына қарсы сот төрағасы істі қарап отырған судьяны бақылауға алуға, оған іс бойынша нұсқау беруге құқығы жоқ. 

         Сол себепті, төрағаның қабылдауында болып, іске ықпал етем деу заң тұрғысынан мүмкін емес.

         Қандай да соттың төрағасы судья болып табылады. Ал судья іске қатысушы тараптармен процестік емес қатынаста бола алмайды, ол үшін жауапкершілік көзделген.

         Төраға қабылдауында болып, сот актілерімен келіспеушілігін нақты дәйектермен жеткізе алмай, айғай-шу шығарып, сотқа қатысы жоқ өміріндегі барлық сәтсіздіктеріне сот жүйесін кінәлап, мемлекеттің саясатына сын айтып кететін адамдар да болады.

         Ата Заңымыз Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

         Сондықтан, соттағы барлық дауларды, қылмыстық, әкімшілік істерді құқықтық шеңберде қарау қажет.

         Өз кезегінде, заңсыз шығарылған сот шешімдері бойынша судьялардың жауапкершілігі де заң нормаларымен көзделген.

         Жауапкершілікке тартылып, сот жүйесінен шеттетілген, тіпті қылмыстық жауаптылыққа тартылған судьялар жөнінде ақпараттар әлеуметтік желілерде, БАҚ-да кеңінен таратылып отыратыны қоғамға белгілі.  

         Сот жүйесі қазіргі күнде ашықтық және жариялылық қағидаттарымен жұмыс жасайды. Барлық өзекті мәселеге байланысты істер қоғам алдында кең таратылады.

         Сирек жағдайда заңсыз шығарылған шешімді алға тартып, мыңдаған адамдардың құқығы мен мүддесін қорғап отырған сот жүйесіне, қызметіне адал судьяларға күйе жағу дұрыс болмас.

         Сауатты шағым-арыздармен сотқа жүгініп, құқықтық мәдениетімізді көтеруге ұмтылған дұрыс болар.    

Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьясы Сайран Әлімбаева

        

          

          

                  

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив