Әдеп кодексі түсіндірілді

Әдеп кодексі түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығына ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен  БЕКІТІЛГЕН:

 - Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға; адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

-жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

- мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға; қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

  - өзінің іс-әрекетімен, мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

- шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

- қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;

- жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

- іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:

- қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде: ұжымда іскерлікті нығайтуға ықпал етуге; әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге , әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін  жаман қылықтан аулақ болуға тиісті.  Сонымен қатар моральдық-әдептілік нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге, негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс.

Барлық мамандарға, қызметкерлерге  жағымсыз қылықтарға жол бермеу, сотқа жүгінген тараптармен байланыс жасамауды ескертемін.

Жалпы келеңсіз жайларға орын алдырмау басты мақсатымыз.

БҚО, Бөкей ордасы аудандық сотының

Кеңсе меңгерушісі 

Зияш Зайнуллина 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

10 пікір

  1. аватар
    Laurence 18 марта 2024 12:42

    I have been surfing online greater than 3 hours as of late, yet I never found any interesting article like yours.
    It is lovely worth enough for me. In my opinion, if all web owners and bloggers made
    excellent content as you did, the internet shall be a lot more helpful
    than ever before.

    Feel free to surf to my blog post ... Kaufe nitroglycerin online in Cusco

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив