Татуласу рәсімдерінің әкімшілік істер бойынша қолданылуы

Татуласу рәсімдерінің әкімшілік істер бойынша қолданылуы

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік-процестік Кодексі енгізіліп, барлық әкімшілік органдардың орындауы үшін міндетті жаңа қағидаттарды бекітті (сенім құқығын қорғау қағидаты, мөлшерлестік, формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу, соттың белсенді рөлі қағидаттары т.б.) .

Кодексте бірқатар жаңашылдықтармен қатар, мемлекеттік органдармен дау кезінде тараптардың татуласуға мүмкіндігі бар.

            Тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады. Жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде тараптардың татуласуына жол беріледі.

       Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды.

       Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім мәжбүрлеу тәртібімен орындаушылық талаптарға сай келуге және тараптарды татуластыратын шарттарды, сондай-ақ сот шығыстарын, оның ішінде өкілдер көрсеткен қызметке ақы төлеуге арналған шығыстарды бөлу тәртібін қамтуға тиіс.

       Сот тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхатын сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда қарайды.

       Сот татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді, егер оның шарттары заңға қайшы келетін болса немесе басқа да адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын болса, бекітпейді.

       Егер тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізбесе немесе сот келісімнің шарттарын бекітпесе, әкімшілік істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі.

    Заңда көзделгендей, сот (судья) тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды, оларға дауды процестің бүкіл сатысында реттеуге жәрдемдеседі. Дауды келісіммен аяқтаудың тиімділігін ескерсек, татуласуға екі тараптың да мүдделі болуы тиіс. Алайда, тараптардың бір-бірімен татуласу арқылы істі толық немесе ішінара шешуге мүмкіндіктері болғанымен, заңдағы осы басымдықтарды ескермей жататын жағдайлар кездеседі. Осындай олқылықтарды болдырмау және заң талаптарының тиісті деңгейде орындалуы аса маңызға ие.

 Бұл бағытта, Ақтөбе гарнизоны әскери сотымен Батыс аймағындағы әскери мекемелер мен бөлімдердің заңды өкілдерінің қатысуларымен тиісті және тұрақты негізде іс-шаралар ұйымдастырылады.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының жетекші маманы Қ.А.Кувандикова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив