ҚР-ның әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ерекшеліктері, соның ішінде  ішінде татуласу рәсімдері туралы мәселелер

ҚР-ның әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ерекшеліктері, соның ішінде ішінде татуласу рәсімдері туралы мәселелер

2021 жылдың шілде айынан бастап қолданысқа енгізілген, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануына байланысты бүгінгі күні “Әкімшілік рәсімдер туралы” және “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заң өз күшін жойды. Енді осы заңдармен реттелген қатынастар «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодексімен қаралады.

Азаматтар жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде теңсіздікке тап болатыны жасырын емес.

Демек бұл заң сол олқылықтарды реттеп, оңтайландырады.
«Кодекс қабылданғаннан соң қандай өзгерістер болды.

 Біріншіден, азаматтарға басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын бекітілді.

 Екіншіден, жоғары тұрған орган мен сотта билік органдары дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгіледі.

Әкімшілік сотта, бүгінге дейін, жалпы юрисдикциялық, сондай-ақ экономикалық және азаматтық соттарда қаралып келген   мемлекеттік орган мен заңды тұлғалар, азаматтар арасындағы әкімшілік даулар қаралады.
«Мемлекеттік органның шешімімен келіспеген азаматтар осы сотқа талап арызбен жүгіне алады. Мемлекеттік орган сотта өз шешімінің, әрекетінің немесе әрекетсіздігінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеуге тиіс.

Осы  заң қабылданға дейін тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын болса, оған Медиация туралы заң қолданылмайтын.

Ал қазіргі кезде әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте арнайы татуластыру рәсімдерін жүргізу тәртіптері қарастырылған.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 120,121-бабтарында, татуластыру рәсімдері, сотта медиация жүргізу тәртібтері қарастырылған.

  Сот (судья) тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды, оларға дауды процестің бүкіл сатысында реттеуге жәрдемдеседі.

Кодекстің талабына сай, тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

Жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде тараптардың татуласуына жол беріледі.

Мұндай татуласу жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде жол беріледі.

Жауапкердің әкімшілік қалауы дегеніміз не?

Әкімшілік қалау – әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттігі.

Заңнаманың талабына сай, татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды.

Мұндай келісім мәжбүрлеу тәртібімен орындаушылық талаптарға сай келуге және тараптарды татуластыратын шарттарды, сондай-ақ сот шығыстарын, оның ішінде өкілдер көрсеткен қызметке ақы төлеуге арналған шығыстарды бөлу тәртібін қамтуға тиіс.

Заң талабына сай, келісім шарттары заңға қайшы келмеуі және басқа да адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбауы тиіс.

Сот тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш хатын сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда қарап, оны бекіту не одан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Әрине дауласушы тараптар мұндай келісімді ерікті түрде орындауы тиіс. Ал, егер орындалмаса, ол, келісім жасаған адамның өтініш хаты бойынша сот беретін атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

Осы санаттағы істер бойынша татуласу рәсімдері бірінші сатыдағы, апелляциялық және кассациялық сатыдағы сотта да жүргізіледі.

Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша сот осындай келісімді бекіту не одан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Қазіргі сот тәжірибесінде әр әкімшілік сотта тек қана татуласу рәсімдерін жүргізу үшін, білімі мен біліктілік тәжірибесі мол,  арнайы судья- медиатр бекітілген.

Судья-медиатордың негізгі міндеті  туындаған дауды шешу кезінде екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.

Қазіргі таңда әкімшілік сотта мемлекеттік органдар мен және сот орындаушылардың іс-әрекетіне берген шағымдар бойынша даулар  медиация рәсімімен   реттеліп жатыр.

Бірақ әлі де мемлекеттің мекемелердің тараптарынан батылдық жетіспейді, мемлекет органдарының өкілдері өз тарапынан шешуге құқылары жоқ. Татуласу мәселесін әкімшілік органның, лауазымды адамның шешімдерінен кейін ғана   білдіре алады.

Әкімшілік сотта ең жақсы көрсеткіштер сот орындаушылардың іс-әрекеті бойынша туындаған даулар бойынша медиация тәртібін рәсімдеу жақсы жетістіктерге жетіп отыр, Оның негізгі себебі судья медитер алдын ала іс бойынша өз пікірін білдіріп, заңсыз немесе негізсіз әрекет жасалғанын білдіреді. Соның салдарынан тараптар дауды тез шешуге ат салысады.

Жеке сот орындаушы ешкімге бағынышты емес, заң талабында әкімшілік акт қабылдауға құқылы.

Бірақ кейбір жағдайлар да, қарапайым адамдарға қарағанда олардың заңды өкілдері істі созбалаңға салып, келіспей, сот орындаушыларды заңды түрде жазалауды мақсат тұтады. Сот актілерін орындамау үшін сотқа негізсіз талаптар беріп жататын көп жағдайлар кездеседі. Мұның өзі қоғамда әлі заңды құрметтеу оны орындау бәрімізге ортақ міндет екенін түсіне білмейтін азаматтардың бар екендігін көрсетеді.

Дауласқандардың бітімге келуі сотқа да, халыққа тиімді екенін түсініп, дауларды сотқа жеткізбей-ақ бітімгершілікпен шешу мәселесіне бәріміз атсалысқанымыз жөн.

Әсіресе, мемлекеттің лауазымды адамдарының жаңа қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің мақсатын, мағынасын жете түсініп, тәжірибеде қолдануы азаматтардың құқықтарын қорғаудағы ең тиімді тетіктері болар еді.

Бағдагүл Бияхметова 

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы              

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

  1. аватар
    Carmella 27 января 2024 08:42

    Have you ever considered creating an ebook
    or guest authoring on other blogs? I have a blog based on the same information you discuss and would love to have you
    share some stories/information. I know my readers would
    appreciate your work. If you are even remotely interested, feel free to shoot me an e
    mail.

    Visit my blog post ... Maryanne

  2. аватар
    Katherine 3 февраля 2024 17:37

    Very good blog! Do you have any recommendations for aspiring
    writers? I'm hoping to start my own blog soon but I'm acquisto di hytrin a Roma
    little lost on everything. Would you suggest starting with
    a free platform like Wordpress or go for a paid option? There are so
    many options out there that I'm totally confused ..
    Any ideas? Kudos!

  3. аватар
    Latanya 9 апреля 2024 17:47

    I used to be recommended this web site by way of my cousin.
    I am now not certain whether this publish is written via him as nobody else
    recognise such particular approximately my difficulty.
    You're wonderful! Thank you!

    Also visit my web-site; Guy

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив