ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері жүйелі жемқорлық үшін сотталды

ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері жүйелі жемқорлық үшін сотталды

2022 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері жүйелі сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Олар 2021 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін алдын ала сөз байласу арқылы жүк тасымалдаушылардан жалпы қамқорлығы, облыс аумағында кедергісіз жүріп-тұруы, сондай-ақ көліктік бақылау пункті арқылы кедергісіз өтуі үшін 10 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі сомада пара алған.

Бұл ереже бұзған жүргізушілерді жауапкершіліктен босатудың заңсыз жүйесіне айналғандығын ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында анықтады.

Сонымен қатар, талдау барысында көліктік бақылау инспекциясы тексеру шаралары кезінде бейнетіркеу тәртібін сақтамайтыны анықталды. Атап айтқанда, көліктік бақылау инспекциясының инспекторлары көліктерді тоқтату және қажетті құжаттарды сұрату процесін ғана бейнежазбаға түсірген, бақылау рәсімінің өзін түсірмеген. Қолда бар 289 бейнежазба бойынша күндер мен уақыттарда сәйкессіздіктер анықталды.

Талдау барысында қаралған, тұрғындар үшін тағы бір өзекті мәселе – автокөліктерді міндетті техникалық байқаудан өткізу. Техбайқау елімізде жүргізіле бастаған сәтінен бастап үнемі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алуда.

Қазақстанда жеңіл автокөлік үшін міндетті техникалық байқауды өткізу қағаз жүзіндегі рәсімге айналды. Жалпы, автокөлік иелері өз көлік құралдарының ақауларын диагностикалаумен және жөндеумен айналысады. Көлікті техникалық жарамды күйде ұстау жөніндегі міндет «Жол жүрісі туралы» Заңның 49-бабының 2-тармағында да бекітілген.

2022 жылдан бастап Ресей Федерациясында жеңіл автокөліктерді техникалық байқау тоқтатылды. Олардың пікірінше, жол-көлік оқиғаларында техникалық ақаулары бар жеңіл автомобильдер мен мотоциклдердің қатысу ықтималдығы төмен 1,1 және 0,7%. Осыған ұқсас себептер бойынша техникалық байқау Қытайда, Австралияда және Американың бірқатар штаттарында жоқ.

Осыған байланысты Көлік комитетіне ІІМ-мен бірлесіп, жеңіл автокөліктерді міндетті техникалық байқаудан өткізудің қажеттлігіне қатысты мәселесі қарау туралы ұсынымдар берілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметінде 35 сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтады, оларды жою бойынша 40 ұсыным енгізілді. Осы талдаудың нәтижелері ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерінің назарына жеткізілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Everett 4 декабря 2023 04:33

    I have been exploring for a little for any high-quality articles
    or blog posts in this sort of house . Exploring
    in Yahoo I at last stumbled upon this website. Studying this information So i am happy to show that I've an incredibly just right uncanny feeling I discovered exactly
    what I needed. I most no doubt will make certain to do not overlook this site and provides it a glance on a
    continuing basis.

    Check out my page; compra eulexin 250 mg a Genova online

  2. аватар
    Leo 4 февраля 2024 20:07

    I'm not sure where you are getting your information, but good topic.

    I needs to spend some time learning more or understanding more.
    Thanks for wonderful info I was looking for this information for my mission.

    Look into my site Deangelo

  3. аватар
    Val 8 февраля 2024 00:59

    I will immediately snatch your rss as I can not find your email subscription link or e-newsletter service.
    Do you've any? Kindly let me know in order that I may subscribe.

    Thanks.

    my homepage Polska

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив