Қазақстан Республикасындағы сот билігі

Қазақстан Республикасындағы сот билігі

Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Бұл орган азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, мүліктерімен заңды мүдделерін қорғайды. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі - жалпыға ортақ жүріс – тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істермен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі.

Қазақстан Республикасында сот билігі Конститутция талаптарына сәйкес іске асырылады. Конститутциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. 2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі Президенттің «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» жарлығына орай Республикадағы соттар қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамсыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет құрылып, сот билігі атқарушы биліктің ықпалынан толығымен шығарылды.

 Сот билігінің тәуелсіздігін бекітудегі тарихи маңызы бар келесі тағы бір оқиға – 2000 жылдың 25 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судиялардының мәртебесі туралы» Конститутциялық заңның қабылдануы, яғни бұл заң судиялардың құқықтық мәртебесін және жаңа жүйесін бекітіп, Жоғары Сот Төрағасының және жергілікті соттар төрағаларының өкілеттіктерін кеңейтті. Сот билігінің күші - заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте, қоғамның жоғарғы саяси және құқықтық мәдениетінде болып есептеледі. Заң шығарушы билік саясатпен тығыз байланысты, атқару билігі де саяси қысымға мойынсұнады, ал сот билігін жүзеге асыру барысында саяси және басқадай ешбір қысым болмайды. Сот шешім шығарарда саяси мақсаттан ада, заң мен құқықтық санадан басқаға бағынбайтын тәуелсіз болады.

Дүниежүзілік тәжірибеде сот билігі арнайы қағидалар арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда; сот пен заң алдында бәрінің тең болуы, сот ісін жүргізудегі жариялық, сот процесінің жарыссөзбен жүргізілуі, тараптардың дәлелдері еркін пайдалануы, кінәсіздік презумциясы, яғни айыптау үкімі заңды күшіне енбейінше сезікті адам кінәлі болып табылмайды, айыпталушының қорғаушы алу құқығын қамтамсыз ету т.б. құқықтары мен міндеттері айқындалады. Сот билігінің тәуелсіздігі жайында Қазан төңкерісіне дейін Қазақ зиялыларының ішінде тұңыш болып Барлыбек Сыртанов мәселе көтерген. Ол 1911 жылғы «Қазақ елінің уставы» атты еңбегінде былай деп жазған: «Сот билігі өз еркімен жүзеге асады. Судьялар дау шешкенде үкіметке яғни адам баласына бағынбай, заң және сот ережелері негізімен үкім шығарулары шарт. Судьяларға әсер жасағандарға сот үкімі кесіледі» деп жазған.

Мақаламызды  қорытындылайтын болсақ, кез-келген мемлекеттің қоғамындағы тәртібі, азаматтарының бостандығы мен құқықтарының тең болуы үшін сол мемлекеттің заңы үстем болуы керек. Сондықтан да, елбасымыз сот жүйесінде ешқандай саяси қысымның болмауы үшін атқарушы билік орган құрамынан сот билігін алып тастап, тікелей заңға бағынатын сот жүйесін құрған болатын.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі А.У.Кожина

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив