Соттардың  тәуелсіздігі

Соттардың тәуелсіздігі

Қазіргі Ата заңымызда «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл принципіне сәйкес жүзеге асырылады» деп бекітілген.

Яғни, сот билігі - мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады. Оның заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртібімен қаралып, шешіледі.

Сот – заң процесінің басты фигурасы. Ол адаммен бетпе-бет келеді және оның проблемаларын шешеді. Нақ сол заң үстемдігін қамтамасыз етеді.

         Адамзат қоғамының өмірі талас-тартыссыз және дау-дамайсыз болуы мүмкін емес екені белгілі. Жан­жалдасушы тараптың бір жа­ғы­ның қашанда көңілі толмай тұрады.

Және құқықтық таластар мен коллизияларды шешуде соттың рөлі қаншалықты зор екені айқын көрінеді.

Судья тек заңды жүзеге асырушы ретінде ғана көрінбейді, ол – қоғамдағы қарама-қайшылық­тардың алдын алып, адами қарым-қатынастарды үйлестіретін, азаматтардың өмірін болжамды және тұрақты ететін тұлға.

Сондықтан сот беделі – сот шешімдерінің әділдігіне, судьялардың кәсіби біліктілігіне, олардың ұстанымы мен жеке басының ерекше адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты.

         Себебі, судья алдына әркім әділдік іздеп келеді және билік төрінен адам жан айқайын түсініп, тыңдай, тіл табыса білетін парасатты, білімді де, білікті, мейірбан жанды көргісі келеді. Азаматтардың сотқа, судьяның шығарған шешіміне деген сенімі мен үміті нақ осы бастапқы әсерлерінен қалыптасады. Сондықтан судья сыпайылықпен ұстамдылықтық өзегі болып, заң талабын қолдануда ерекше даналық көрсетуі заман талабы екенін түсінуі қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабында «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады» - делінген. Судьяның ерен тәуелсіздігі мен заңның тұғырықсыз жұмыс жасағандығы халыққа тиімді.

Тәуелсіз әділ сотты  қамтамасыз ету мақсатында  еліміздің  Негізгі  заңы сот қызметіне қандай да болсын  араласуға  жол берілмейтіндігін  және  судьялардың  тұрақтылығын  бекітіп  берген.  Соттарды  қаржыландыру  республикалық  бюджет   қаражаты есебінен  жүргізіледі.  Судьяның  қызметі депутаттық  мандатпен, ақы төленетін  өзге де  жұмысты  атқарумен немесе кәсіпкерлікпен  айналысумен  сыйыспайды.  Барлық  соттардың  судьяларын,  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын қоспағанда,  Президент  тағайындайды.  Ал Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы Сотының  судьяларын  Қазақстан  Республикасы Президентінің ұсынысымен Сенат сайлайды.

Сот төрелiгiн толық əрi тəуелсiз жүзеге асыру үшiн соттарға жеткiлiктi мөлшерде қаражат төлену қажеттігі жөніндеде, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Конституциялық заңының 25-бабына атап көрсетілген.

Бүгінгі таңда соттардың жалақысын  басқа мемлекеттік  қызметкерлермен салыстырғанда жоғарғы деңгейде деп айтуға болмайды. Олардыңда еңбекақысы, қатардағы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің табыстарымен сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабының негізінде, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары» -делінген.

Тәуелсіз сот - адам құқығының сақталуының кепілі және сот қызметінің тиімділігі мен олар шығаратын шешімдердің заңдылықтарға сай болуы және мүлтіксіз орындалуы кез-келген мемлекеттің демократиялық негізі болып табылады.

Сот, әділдіктің ұшқыр шыңы болып табылады. Сондықтан заң күзетінде тұратын судьялардыда іріктеу, күмән туғызбайтын  кіршіксіз әділ  болуы тиіс.

Былтыр өткен - Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезіде  мемлекет басшысы айтып өт­кен­дей, адамдар өз мәселелерін шешу үшін айлап-жылдап билік дәліз­дерінде жүгіруге тиіс емес. Заң бұзыл­ған жағдайда адам сотқа баруы тиіс және сол жерде өз құқықтары мен бостандықтары қорғалатынына сенімді болуы керек. Барлық өрке­ниетті әлемде осылай. Демек, кез келген нағыз сот реформасының түпкі мақ­саты – судьялардың адалдығы мен кә­сібилігі, әділдік және әділ сотқа қол­жетімділік болып саналатын тәуелсіз және сатылмайтын сот билігі.

Бұл жерде жеткілікті және ерекше жағдайда материалдық әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілген судья – заң талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін асыл діңгекті тұлға деп санауға болатынын ескеру қажет.

Сонымен қатар, судьяның шынайы тәуелсіздігі заңды қатаң сақтауы мен өзі қа­был­даған шешімнің дұрыстығы мен әділеттілігіне сенімділігіне негіз­деледі.

Судья іс бойынша  іс жүргізудің  барысында  қандайда болмасын  сыртқы  ықпалға  қарамастан, зеріттелген дәлелдемелерге сүйеніп және  барлық шешімдерді Конституцияға және  заңдарды  басшылыққа  ала  отырып  ішкі  нанымы бойынша шешім қабылдауы тиіс. 

         Бірақ бұл жерде судья көрсет­кіштер мен статистикаға байланып қалмауы керек.

Дана халқымыз «Билік айту - оңай, біліп айту - қиын» екендігін тегін айтпаған. Осы қағида талабына сай әділ қазылық ету - әр судьяның қасиетті парызы. Ол үшін заңды бес саусақтай біліп, жатқа айта білу жеткіліксіз. Ең бастысы сот, адал, әділ болып, іс бойынша шешім қабылдағанда жігерлікті, батылдықты, табандылықты көрсете білуі – заман талабы екендігін ұмытпауымыз қажет. Қазы - халықтың ожданы. Ол қара қылды қақ жарған әділ болса, даугерлер төреліктің дұрыстығына күмән келтірмейді.

Қоғамдағы заң үстемдігін толықтай қамтамасыз етіп, мемлекет атынан адам тағдырын тепе-теңдік жағдайда шешетін, Президенттің Жарлығымен  тағайындайтын ең мәртебелі лауазым иелері - судьяларға антқа адалдығын сақтап, әділ шешім шығарып, халықтың сенімі мен құрметіне бөленуден асқан абырой жоқ.

Бүгінгі күні елімізде құқықтық мемлекетке қойылатын талаптарға сай, Конституцияны бұлжытпай орындап, азаматтардың құқықтарын, еркіндіктерін, заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүктелген міндеттерді атқара алатын толық қанды сот жүйесі бар.

 

Астана қалалық

сотының судьясы                                                                

Е.С.Қосмұратов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

4 пікір

  1. аватар
    Kandy 25 сентября 2023 23:37

    Wow that was odd. I just wrote an really long comment but after I clicked submit my
    comment didn't show up. Grrrr... well I'm not writing all that over again. Regardless, just wanted to say
    superb blog!

    Also visit my website :: Darrell

  2. аватар
    Deidre 10 апреля 2024 22:29

    Hey there this is somewhat of off topic but I was wondering if
    blogs use WYSIWYG editors or if you have to manually code with HTML.
    I'm starting a blog soon but have no coding expertise so
    I wanted to get guidance from someone with experience. Any help
    would be enormously appreciated!

    Feel free to surf to my page: dónde encontrar nootropil
    en Suiza

  3. аватар
    Antonietta 13 апреля 2024 13:39

    Spot on with this write-up, I honestly believe this website needs
    a lot more attention. I'll probably be back again to read through more, thanks for the information!

    Look into my web blog; Debra

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив