Инвестор алғаш рет сотта мемлекеттік органмен татуласты

Инвестор алғаш рет сотта мемлекеттік органмен татуласты

Инвесторлардың әкімшілік актілерге, әкімшілік органдардың, лауазымды тұлғалардың әкімшілік әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жөніндегі талаптары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қарауына жатады.

Тәжірибеден мысал келтірейік. Өткен жылы инвестор уәкілетті мемлекеттік органға келісімшарттық аумақтың ауданын ұлғайту туралы өтінішпен жүгінді.Талапкерге геологиялық бөлу берілген. Картограммаға сәйкес учаскеден кен орындарының бірінің контурлары алынып тасталды.

Мемлекеттік органның мұндай шешімімен келіспеген инвестор елордалық әкімшілік сотқа шешімді заңсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.

        Істі қарау барысында судья істі келісім жасасу арқылы аяқтау мүмкіндігін түсіндірді.

Келіссөздер нәтижесінде судьяның көмегімен тараптар жанжалды шешудің өзара тиімді шарттары туралы келісе алды.

2022 жылғы 04 наурызда сот татуласу туралы келісімді бекітті, оның шарттары бойынша жауапкер 15 жұмыс күні ішінде шығарып тасталатын кен орнының алаңын азайта отырып, түзетілген геологиялық бөлуді талапкерге жіберу міндеттемесін қабылдады.

Дау шешілді, инвестордың құқықтары қысқа мерзімде қалпына келтірілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив