Тіл-халықтың байлығы.

Тіл-халықтың байлығы.

 

Жазушы Мұхтар Шаханов ағамыз «Тіл - әр ұлттың ең ұлы анасы» - деп бекер айтқан жоқ. Егемендігімізді алғалы бері Қазақстанда жүзден астам әр түрлі ұлттың азаматтары өмір сүруде. Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан саясаттың негізінде барлығы да өзінің тілі дамытуға, сақтап қалуға, салт-дәстүрін нығайтуға жағдай жасалған. Бүгінгі мемлекеттік тіліміз - ол қазақ тілі.

Тіл – қашанда ұлттың ұйтқысы. Сөзі өз тілінде шыққан халықтың егемендігі баянды, тұғыры қашан да биік. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде. Жас ұрпақтың тілі ана тілінде шығып, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік меңгеруіне толық мүмкіндік те бар. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті.

Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Ал, оған деген сүйіспеншілік пен құрмет бала кезден бас­талуы керек. Айналадағы адамдарға, өзінің өскен ортасына, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарастың бастауын да сол туған тілімізден аламыз. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының даму құралы.

Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал, тіл тозбайтын, ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» – деген. Кешегі ұлылардың сенімін ақтап, тіл бірлігін жалғастыруда барлық күш-жігер, жауапкершілік алдымен бүгінгі жастарымызға түсетіндігі анық.

Өз тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей. Қазақстан – әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елдердің қатарында болу үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек. Өзгенің емес, өз еліміздің тілін ұлықтап асырайық.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

Тлемберлиева Алия Артуровна

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Harris 7 декабря 2023 11:57

    With havin so much content do you ever run into any issues of plagorism
    or copyright violation? My blog has a lot of unique content I've either authored myself or outsourced but it seems a lot of it is popping
    it up all over the internet without my agreement. Do you know any solutions to help stop content from being stolen? I'd truly appreciate it.



    Feel free to surf to my web blog - Denese

  2. аватар
    Bernardo 5 февраля 2024 01:43

    Spot on with this write-up, I honestly believe that this site needs a lot more attention. I'll probably be back again to read more, thanks for the
    info!

    Visit my site :: Italia

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив