Адамнаң құқығы бұзылған жағдайда...

Адамнаң құқығы бұзылған жағдайда...

Адам құқығы бұзылған жағдайда ол Заң арқылы өзін-өзі қорғауға тырысады.

          Қазіргі кезде сотта қаралатын азаматтық істердің басым көпшілігі қарызға ақша немесе зат алып, кейін қайтармаудың салдарынан туындаған даулар.

      Талап қоюшы жеке кәсіпкер өзінің халыққа қызметін көрсетіп, халыққа керекті заттарды қаладан аудан орталығына алып келіп, сату үшін дүкен ашып саудасын жүргізіп жүреді, қарапайым халық жеке кәсіпкерден өзінің мұң-мұқтажын айтып соңынан ақшасын төлейтін болып келісіп керекті заттарды жеке кәсіпкерден жаздырып, яғни қарызға алады.

       Алған заттардың ақшасын төлеуге келген кезде тараптардың арасында дау туындайды. Жеке кәсіпкер өзінің құқын қорғау мақсатында сотқа жүгінеді.

       Соттың тәжірибесіндегі осындай істер бойынша, сот талап қоюшы мен жауапкердің түсiнiгiн тыңдап, құжаттарды зерттеп, келесi тұжырымға келедi.

       Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (әрі қарай – АК) 268-ші бабының талабына сай міндеттемеге сәйкес  бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік  беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер  жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.

   Сотта анықталғандай, жауапкер жеке кәсіпкердің иелігіндегі дүкенінен  ақша құнына сәйкес құрайтын заттарды қарызға алған, осы соманы қайтармаған, бұл жөнінде өз қолынан қолхат жазып берген.

    Бұл мән-жайлар, іс – құжаттарына тіркелген жауапкердің қолымен жазылған қолхатпен және талап қоюшы мен жауапкердің сот мәжілісінде көрсеткен жауаптарымен өз дәлелін табады.

      Жауапкер сот мәжілісінде бұл мән-жайды, яғни өз қолымен қолхат жазып бергенін жоққа шығармай, мойындап жауап береді.

     Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 151 бабының 1 бөліміне сай, мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).

      Тараптардың арасында ауызша және істегі қолхатына қарағанда, олардың ортасында жазбаша жай мәміле жасалған.

     Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 272 бабының талабына сай, міндеттеме - міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс, ал 273-ші бабының талабына сай міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

      Сот отырысында, жауапкер өзінің бережақ ақшасы барын мойындайды.

   Жауапкердің талапты мойындауы талап мәніне қайшы келмейді, іс бойынша үшінші тұлғалардың заңды мүддесіне нұқсан келтірмейді деп санап, сот жауапкердің талап қоюды мойындауын қабылдайды.

     Қазақстан Республикасы Азаматтық істер жүргізу кодексінің 193 бабының 4 бөліміне сай, жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде сот мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады.

    Iстiң бұл тұрғысында, сот талап қоюшы жеке кәсіпкердің бережақ ақшасын өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылуға  жатады деп тауып, жеке кәсіпкердің құқығы қорғалады.

    Айтар ойымыздың  түйiнi, бүгiн болмаса ертең әр нәрсенiң сұрауы болады. Сондықтан, кiм болғанда да iстi дауға жеткізбей келiсiм шеңберiнде шешкенi абзал. Тiптi адамгершiлiк тұрғысынан қарағанда да керек уақытында бiреуден бiр нәрсе алған екенсiң, уәделi мерзiмiнде қайтару азаматтық парызың. Ал, мемлекетке зиян келтiрудiң жауапкершiлiгi тiптен бөлек. Олай болса, азаматтардың заңға құрметпен және түсiнiстiкпен қарағанын қалар едiк. Сотқа жеткен iстiң әрдайым да әдiл шешiмiн  табары анық.

 

Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маманы А.Бабикова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Dwayne 23 августа 2023 19:59

    After looking at a few of the blog articles on your website, I honestly appreciate your technique of
    writing a blog. I saved it to my bookmark site list and will
    be checking back in the near future. Please check out my website as well and let me know what you think.



    My web site Online-Verkauf von farlutal

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив