Қарыздың соңы - арыз

Қарыздың соңы - арыз

 

Мемлекетіміздің Ата заңының 1 бабында  Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық және әулеметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген. Адам құқығы бұзылған жағдайда ол Заң арқылы өзін-өзі қорғауға тырысады. Қазіргі кезде сотта қаралатын азматтық істердің басым көпшілігі қарызға ақша немесе зат алып кейін қайтармаудың салдарынан туындаған даулар болып табылады. Талап қоюшы және кәсіпкер өзінің халыққа қызметін көрсетіп, халыққа керекті заттарды қаладан, аудан орталығынан алып келіп, сату үшін дүкен ашып саудасын жүргізіп жүреді. Қарапайым халық жеке кәсіпкерден өзінің мұң-мұқтажын айтып соңынан ақшасын төлейтін болып келісіп, керекті заттарды жеке кәсіпкерден жаздырып,  яғни қарызға алады. Алған заттардың ақшасын төлеуге келген кезде тараптардың  арасында дау туындайды. Жеке кәсіпкер өз құқығын қорғау мақсатында сотқа жүгінеді. Сот тәжірибесіндегі осындай істер бойынша, сот талап қоюшы мен жауапкердің түсінігін тыңдап құжаттарды зерттеп, келесі тұжырымға келеді. ҚР Азаматтық Кодексінің 268-бабының талабына сай  міндеттемеге сәйкес, бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің)  пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Сотта анықталғандай, жауапкер және кәсіпкердің иелігіндегі дүкенінен ақша құнына сәйкес құрайтын заттарды қарызға алған, осы соманы қайтармаған, бұл жөнінде өз қолынан қолхат жазып берген. Бұл мән-жайлар, іс-құжаттарына тіркелген жауапкердің қолымен жазылған қолхатпен және талап қоюшы мен жауапкердің сот мәжілісінде көрсеткен жауаптарымен өз дәлелін табады. Жауапкер сот мәжілісінде бұл мән-жайды, яғни өз қолымен қолхат жазып бергенін жоққа шығармай мойындайды. ҚР Азаматтық кодексінің 151 бабаның 1 бөліміне сай, мәмілелер ауызша және жазбаша  нысанда жасалады (жай немесе  нотариалдық). Тараптардың арасында ауызша және істегі қолхатына қарағанда, олардың ортасында жазбаша жай мәміле жасалған. ҚР Азаматтық кодексінің 272 бабының талабына сай міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес орындауға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жайғдайда – іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуы тиіс, ал 273-бабының талабына сай міндетемені  орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді. Сот отырысында жауапкер өзінің бережақ ақшасын  барын мойындайды. Жауапкердің талапты мойындауы талап мәніне  қайшы келмейді, іс бойынша үшінші тұлғалардың заңды мүддесіне нұқсан келтірмейді деп санап, сот жауапкердің талап  қоюды мойындауын қабылдайды. ҚР Азаматтық процестік Кодексінің 193 бабының 4 бөліміне сай, жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде сот мәлімдеген талаптарды талап қоюды мойындағанда және оның қабылдаған кезде сот мәлімдеген талаптарды қанағатандыру туралы шешім шығарады. Істің бұл тұрғысында, сот талап қоюшы жеке кәсіпкердің бережақ ақшасын өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылуға жатады деп тауып, жеке кәсіпкердің құқығы қорғалады.

Айтар ойымыздың түйіні бүгін болмаса ертең әр нәрсенің сұрауы болады. Сондықтан кім болғанда да істі дауға жеткізбей келісім шеңберінде шешкені абзал. Тіпті адамгершілік  тұрғысынан қарағанда да керек уақытында біреуден бір нәрсе алған жағдайда, уәделі мерзімде қайтару азаматтық парызы болып табылады.

Ал мемлекетке зиян келтірудің  жауапкершілігі тіптен бөлек. Олай болса, азаматтардың заңға құрметпен және түсіністікпен қарағанын қалар едік. Сотқа жеткен істің әрдайым әділ шешімін табары анық.

 

Хабира Достангалиева

Орал қаласының №2 сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

4 пікір

  1. аватар
    Dee 4 октября 2023 15:19

    Great items from you, man. I've take note your stuff prior
    to and you are simply too fantastic. I actually like what you've acquired here, really like what you are saying and the way in which during
    which you are saying it. You're making it enjoyable and you continue to
    care for to stay it sensible. I cant wait to learn much more from you.

    That is really a terrific web site.

    Feel free to surf to my homepage; Chanda

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив