Жергілікті соттардың «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты және Халықаралық төрелік орталығымен өзара іс-қимылы

Жергілікті соттардың «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты және Халықаралық төрелік орталығымен өзара іс-қимылы

«Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының (бұдан әрі – АХҚО соты) өкілеттіктері «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңмен (бұдан әрі – Конституциялық заң) айқындалған.

АХҚО соты ерекше құқықтық мәртебеге ие, өз қызметінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейтінін атап өткен жөн. Сот қызметі АХҚО туралы Конституциялық заңмен және АХҚО сотының Регламентімен реттеледі. Дауларды қарау кезінде АХҚО соты АХҚО сотының өзіндік процестік қағидаларын басшылыққа алады.

АХҚО-ның мақсаттары мен міндеттері Қазақстанның экономикасына инвестициялар тартуға, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамытуға және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциясына, қаржылық қызметтер мен технологиялар нарығын дамытуға, электрондық коммерция мен инновациялық жобаларды дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін АХҚО заңды түрде бірқатар құқықтық режимдерімен және ерекшеліктерімен, атап айтқанда, салық жеңілдіктерімен, жеңілдетілген визалық және еңбек режимімен, шетелдік азаматтарды жеңілдетілген тіркеумен, жеңілдетілген валюталық режиммен жабдықталған.

АХҚО құқығы Англия мен Уэльс құқығының қағидаттарына, нормалары мен прецеденттеріне және жетекші әлемдік қаржы орталықтарының стандарттарына бағдарланған. Бұл ретте, АХҚО актілерін әзірлеу және қабылдау, құжаттама және сот ісін жүргізу де ағылшын тілінде жүргізіледі.

АХҚО аумағында дауларды шешу бойынша екі орган бар: АХҚО соты және Халықаралық төрелік орталығы.

Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы Конституциялық Заңының13-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес, АХҚО соты қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асырмайды және мыналарға:

1) Орталық қатысушыларының, Орталық органдарының және (немесе) олардың шетелдік жұмыскерлерінің арасында туындайтын дауларды қарау мен шешуге;

2) Орталықта жүзеге асырылған және Орталықтың құқығына бағынысты кез келген операцияға қатысты дауларды қарау мен шешуге;

3) тараптардың келісімі бойынша Орталықтың сотына берілген дауларды қарау мен шешуге қатысты айрықша юрисдикцияға ие болады.

Басқа халықаралық қаржы орталықтарының тәжірибесіне сүйене отырып, АХҚО аумағында АХҚО сотынан басқа тараптардың АХҚО аумағында дауларды баламалы шешу құқығын қамтамасыз етуге арналған тиісті төрелік институты – Халықаралық төрелік орталығы («ХТО») құрылды. Бұл ретте, АХҚО-ғы арбитражы тек АХҚО қатысушылары үшін ғана емес, сонымен қатар егер олар осындай таңдау жасаса, нарықтың кез-келген басқа қатысушылары үшін де қолжетімді.

АХҚО туралы Конституциялық заңмен ХТО АХҚО органдарының қатарына қосылды және АХҚО аумағында заңды тұлға ретінде құрылды.

АХҚО сотына қарағанда, ХТО өзі дауларды қарамайды, ол тек төрелік талқылауды әкімшілендіреді, яғни тараптар мен төрешілерге төрелік талқылауды ұйымдастыруға және өткізуге көмектеседі, онда даудың мәні бойынша шешімді тікелей төреші (төрешілер) қабылдайды.

Нью-Йорк конвенциясының қағидаттарын басшылыққа ала отырып, АХҚО-ның төрелік регламенті қол жеткізілген болып саналатын төрелік келісім үшін, оның ішінде егер төрелік келісім электрондық коммуникациялар арқылы жасалған болса, міндетті жазбаша нысанды белгілейді.

ХТО ең үздік халықаралық стандарттарға сәйкес әрекет ете отырып, сот талқылауына тәуелсіз, экономикалық және жедел балама болып табылады. Бұл ретте талқылаудың тілін тараптар айқындайды.

ХТО тараптардың келісімі болған кезде кез келген заңды тұлғалар арасындағы дауларды қарайды.

Жергілікті соттардың АХҚО соты және Халықаралық төрелік орталығымен өзара іс-қимылына қатысты 2021 жылғы сәуір айынан бастап даудың барлық тараптарының келісімі болған кезде жергілікті соттардың өндірісіндегі коммерциялық даулар АХҚО соты немесе ХТО-на берілуі мүмкін екенін атап өткен жөн.

Дауды беру тәртібі келесідей анықталған.

Жергілікті соттардың АХҚО-мен тиімді өзара іс-қимылы мақсатында жергілікті соттың судьясы Қазақстан Республикасының сотына берілген талап қою мәні бойынша қаралғанға дейін тараптарға дауды Қазақстан Республикасының сотынан жазбаша келісім бойынша АХҚО сотына немесе ХТО-на беру құқығын түсіндіреді.

Егер тараптар дауды АХҚО сотына немесе ХТО-ға бергісі келсе, онда олар бұл туралы жергілікті соттың судьясына хабарлап, дауды қарау үшін АХҚО сотының және ХТО юрисдикциясының бар-жоғын талқылау және тегін консультация алу үшін АХҚО сотының және ХТО аппаратымен байланысуы қажет.

Егер тараптардың жазбаша өтініші бойынша АХҚО сотының судьясы немесе ХТО төрағасы АХҚО сотының немесе ХТО осы дауды қарау үшін юрисдикцияға ие екендігі туралы алдын ала шешім шығарса, онда тараптар жергілікті сотта судьяға АХҚО сотының немесе ХТО алдын ала шешімі туралы және өзінің АХҚО сотына немесе ХТО талап қою ниеті туралы хабарлайды.

Жергілікті соттың судьясы талап қою арызын қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады және дау тараптарына бұрын төленген мемлекеттік баж қайтарылады. АХҚО соты немесе ХТО берілген дауды мәні бойынша қарауға кіріседі.

АХҚО E-Justice электронды арыз беру жүйесін әзірледі, бұл тараптарға әлемнің кез келген нүктесінен электронды түрде сотқа талап қоюмен жүгінуге мүмкіндік береді.

Сот тәжірибесі судьялардың дауларды АХҚО және ХТО-ға беру бойынша тараптармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі оң нәтиже көрсетіп отырғанын көрсетеді. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын сот талқылауына қатысушылардың дауды АХҚО немесе ХТО-ға қарау үшін беруге қызығушылығы байқалады.

АХҚО сотының регламентінің ережелері және АХҚО сотының Қағидаларына сүйене отырып, АХҚО сотының келесі артықшылықтарын атап өтуге болады.

АХҚО сотының басты артықшылығы оның Қазақстанның сот жүйесінен тәуелсіздігі болып табылады. АХҚО сотының шешімдері мен бұйрықтарын тек АХҚО сотының апелляциялық сатысы ғана қайта қарауы мүмкін.

Англия мен Уэльс құқығының нормалары мен қағидаттарына негізделген АХҚО сотының қағидалары бойынша сот талқылауын ағылшын тілінде жүргізу, сондай-ақ процеске шетелдік заңгерлер мен адвокаттардың қатысу мүмкіндігі АХҚО сотын шетелдік компаниялардың қатысуымен дауларды шешу үшін тартымды алаңға айналдырады.

2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін АХҚО соты талап қою бергені, әкімшілендіру және тыңдаулар өткізгені үшін алым алмайды. Бұдан басқа, тараптармен 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қол қойылған келісімшартта АХҚО сотының соттылығы туралы ескертілсе, 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін және одан кейін АХҚО сотында осындай келісімшарттан туындайтын дауларды тегін әкімшілендіруге және шешуге құқылы болады.

Халықаралық төрелік орталығы 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін тіркеу алымын, әкімшілендіру және тыңдаулар өткізу үшін алымды да алмайды.

Бұл ретте, тараптар 2021 жылғы 31 желтоқсаннан кейін де төрелік талқылауын тегін әкімшілендіруді пайдалана алатынын түсіндіру қажет. Бұл үшін көрсетілген күнге дейін жасалған келісімшартқа Халықаралық төрелік орталығының қағидалары бойынша төрелік туралы төрелік ескертуді енгізу жеткілікті.

Қазақстанда АХҚО сотының шешімдері мен жекелеген бұйрықтарын оларды тану рәсімінен өтпей орындау мүмкіндігі Қазақстандағы борышкердің активтерінен өндіріп алуға мүдделі дау тараптары үшін тағы бір үлкен артықшылық болып табылады. Бұл, әсіресе, Қазақстанның шетелдік сот шешімдерін өзара тану мен орындауды көздейтін халықаралық шарттардың саны өте шектеулі екенін ескере отырып, өзекті болып табылады.

АХҚО соты судьяларының жоғары біліктілігі және қазақстандық процестік құқығымен салыстырғанда істерді неғұрлым ұзақ мерзімде қарау мүмкіндігі күрделі істерді сапалы қарау үшін алғышарттар жасайды. Сонымен бірге, АХҚО сотының Қағидалары ұсақ сот істерін соттың шағын талап қою арыздарын қарауы үшін арнайы жеделдетілген рәсімді көздейді.

АХҚО сотының келесі артықшылығы оның талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдану мүмкіндігі және қазақстандық сот актілері үшін көзделген тәртіппен Қазақстан аумағында осындай шараларды қолдану туралы бұйрықтарды орындау болып табылады.

АХҚО сотындағы сот ісін жүргізудің артықшылықтарына АХҚО сотының Қағидаларында көзделген қамтамасыз ету шараларын қолданудан туындаған шығындардан жауапкердің мүдделерін қорғау мақсатында талап қоюшының қарсы қамтамасыз етуді ұсыну мүмкіндігін де жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады. Шетелдік инвесторлардың алаңға қызығушылығының себептерінің бірі – оның аумағында ағылшын құқығы қағидаттарының қолданылуы.

Осылайша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрған «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істеген жылдары ішінде Елбасының қабылдаған шешімінің дұрыстығын көрсетті. Бұл бастаманың тиімділігін АХҚО тәуелсіз сотының сәтті қызметі айқын көрсетеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бизнестің АХҚО жұмысында, атап айтқанда дауларды шешуге қатысуын кеңейту туралы тапсырма бергені белгілі. Бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.

Жергілікті соттардың АХҚО сотымен және Халықаралық төрелік орталығымен сот ақпаратына қол жеткізу және тараптарда бар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етудің, сот төрелігіне қол жеткізуді кеңейтудің және сот төрелігін іске асырудың тиімділігін арттырудың маңызды құралдары ретінде пайдалану мәселелері бойынша тұрақты өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өткен жөн.

 Адэль Джакупов 

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының судьясы                                    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

8 пікір

  1. аватар
    Edythe 4 сентября 2023 01:51

    Definitely believe that which you stated. Your favorite justification seemed to be on the net the easiest thing to be aware of.
    I say to you, I certainly get irked while people think about worries that they just don't know about.
    You managed to hit the nail upon the top as
    well as defined out the whole thing without having
    side effect , people can take a signal. Will likely be back to get
    more. Thanks

    my homepage - Kauf von anten in Deutschland

  2. аватар
    Reagan 14 сентября 2023 15:15

    Right here is the right webpage for everyone who really wants to understand this topic.
    You know a whole lot its almost hard to argue with you (not that I really would want to…HaHa).
    You definitely put a new spin on a topic that's been written about
    for ages. Wonderful stuff, just great!

    Feel free to visit my blog post: Medikamente
    problemlos erhältlich

  3. аватар
    Domingo 12 января 2024 12:09

    I have been exploring for a little bit for any high quality articles or blog posts on this kind of space
    . Exploring in Yahoo I finally stumbled upon this web site.

    Studying this information So i'm glad to convey that
    I have a very just right uncanny feeling I discovered exactly what I needed.
    I so much surely will make sure to don?t omit this web site and provides it a look regularly.


    my blog post ... farmacia en línea de España que vende hydroxyurea

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив