Сот отырысының хаттамасымен тараптарды таныстыру

Сот отырысының хаттамасымен тараптарды таныстыру

 

Сот отырысының немесе жеке процестік хаттамасын сот отырысының хатшысы жасайды не сот отырысының аудио және бейнежазбасы жүргізілетін кезде қысқаша хаттама жүргізіледі. Хаттама, қысқаша хаттама компьютерлік машинада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады.

Іске қатысқан адамдар мен өкілдер хаттаманың қандай да бір бөлігін жария ету туралы, өздері іс үшін елеулі деп есептейтін мән-жайлар жөніндегі мәліметтерді хаттамаға енгізу туралы өтініш хат беруге құқылы. Ол сот отырысы аяқталғаннан кейін үш жұмыс күннен кешіктірілмей, ал жеке процестік әрекет туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей дайындауға және оған қол қойылуы тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасы сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күннен кешіктірмей дайындалуға және оған қол қойылуға тиіс.

Оған төрағалық етуші мен хатшы қол қояды. Барлық өзгерістер, түзетулер,  толықтырулар ондағы ескертулерге және олардың қолы қойылып  куәландырылуы тиіс.

Сот ісіне қатысатын адамдардың өтінішхаты бойынша төрағалық етушінің және сот отырысы хатшысының электрондық құжат нысанындағы хаттаманы танысу үшін беруге міндетті. Егер іске қатысатын адамдар өздерінің ауызша нысанда берген түсініктемелерін, арыздарын, өтінішхаттарын, қорытындыларын қосымша жазба нысанда берсе, сот жазбаша құжаттарды олардың мазмұнын хаттамада оларды толық көрсетпей-ақ іске тіркейді.

Іске қатысатын адамдар немесе олардың өкілдері сот отырысының  хаттамасымен, қысқаша хаттамасымен, аудио және бейнежазбаның мазмұнымен олар дайындалған және оларға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде танысуға құқылы. Көрсетілген тұлғалар танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио бейнежазбаға жасалған процестік әрекеттердің және олардың нәтижелерінің тіркелуінің толық еместігін көрсете отырып, жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы.

Ақмола гарнизоны әскери сотының Бас маманы, сот отырысының хатшысы

А.Түзелбай

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив