Сот отырысының әр сәті бейнетаспада

Сот отырысының әр сәті бейнетаспада

Бүгінгі таңда сот жүйесі ақпараттық технологиялармен толық қамтамасыз етіліп, меңгерілуде. Заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, бюрократиялық кедергілерді жойып, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етуде.

Сот отырысының әр сәті адам тағдыры, өмірі мен оның болашағы екені белгілі. Сондықтан сот отырысы кезінде хатшы тараптардың уәждері мен жауаптарын, ұсыныстары мен ойларын, жалпы сот барысын қағазға түсірумен айналысса, қазір хатшының жұмысы бұлтартпас айғақ, дәлел болатын аудио бейне жазба түсіріледі.

Ал,енді осы хаттамамен қай тарап қалай таныса алады, оған ескертулер бере ала ма деген сауалдар көпшілікті мазалайтыны анық. Бұл жөнінде ҚР Азаматтық процестік Кодексінің 284 бабында: «Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-бейнежазбаның мазмұнына ескертулер»  деген бөлігінде көрсетіледі. Онда: «Іске қатысатын адамдар немесе олардың өкілдері сот отырысының хаттамасымен, қысқаша хаттамамен, аудио-, бейнежазбаның мазмұнымен олар дайындалған және оларға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде танысуға құқылы. Көрсетілген тұлғалар танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаға жасалған процестік әрекеттердің және олардың нәтижелерінің тіркелуінің толық еместігін көрсете отырып, жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы» делінген. Бұдан әрі хаттама жүргізудің міндеттілігі деген бабында бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-,бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады әрі іске қатысатын адамдардың бәрі сот отырысына келмеген жағдайда аудио-, бейнежазба жүогізілмейді делінген.

Сондай-ақ Заңда «Істі бірінші сатыдағы сотта сот талқылауына дайындау кезінде алдын ала сот отырысында, осы сатыда даудың мәні бойынша шешім шығарылатын жағдайларды қоспағанда, хаттама соттың қалауы бойынша жүргізіледі» деп көрсетілген. Айта кету керек осы бапта кассациялық сатыдағы сотта хаттама жүргізілмейтіндігі ескертіледі. Жалпы сот отырысының әр сәті таспаланып жатқанын және жоғарыда көрсетілген талаптар бойынша қол жеткізе алатындарыңызды ұмытпағайсыздар.

  Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы біздің еліміздің дамуының барлық мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін жаңа міндеттер қойылды. Жолдауда жаңа технологияларды енгізу, халықтың сапалы білім алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске баса назар аударылған. Осы аталған тапсырмалар Мемлекет басшысының қойған барлық тапсырмалары жоғары сапалы және тиімді түрде орындалуы тиіс.

 

Ақмола гарнизоны әскери сотының

Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы

М.Ибраева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив