Сот ЖКО салдарынан келтірілген материалдық залал сомасын өндіріп алды

Сот ЖКО салдарынан келтірілген материалдық залал сомасын өндіріп алды

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық соты Т.-ның жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығын сомасын өтеу туралы С. - ға  талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

С. көлігін жүргізіп келе жатып, негізгі жолмен келе жатқан көлікке жол бермеген және талап қоюшы жүргізіп келе жатқан автокөлікпен соқтығысуға жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан талап қоюшыға материалдық залал, сондай-ақ автомобильдегі жолаушының денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.

Жауапкердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі талап қоюшының көлік құралына келтірілген зиянды анықтау үшін тексеру жүргізілген "Х" сақтандыру компаниясы" АҚ-да сақтандырылған. Олардың есебіне сәйкес қалпына келтіру жөндеу құны 2,2 млн. теңгені құрады. Сақтандыру компаниясы талап қоюшыға  1,7 млн. теңге мөлшерінде төлемді төлеуді жүзеге асырды (сақтандыру компаниясының жауапкершілік лимиті 600 АЕК құрайды).

Төлем сомасындағы айырмашылықты және автокөлікті жөндеу құнын өндіріп алу үшін Т. сотқа жүгінді.

Азаматтық кодекстің 917-бабының 1-бөлігіне сәйкес  азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды, талап қоюшының пайдасына материалдық залал сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив