Жол көлік оқиғасы ісі бойынша тараптар медиация тәртібінде татуласты

Жол көлік оқиғасы ісі бойынша тараптар медиация тәртібінде татуласты

Орал қаласының №2 соты жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген залал шығынын өндіріп алу туралы азаматтық ісі бойынша іс жүргізуді қысқартты.

Сотпен мән-жайды анықтау кезінде, талапкер талап арызбен жол көлік оқиғасына кінәлі тұлғаға қатысты сотқа жүгініп, өз талап арызында жол-көлік оқиғасы нәтижесінде оның денсаулығына, сондай-ақ автокөлігіне зиян келтірілгенін алға тартты. Медициналық көмек көрсету кезінде медициналық мекеменің кезекші медиаторымен зардап шегуші мен жауапкер арасында келісім жасалып, оған сәйкес екінші тарап алғашқысына оның еңбекке жарамсыз кезеңінде емделуге 300 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттелген. Зардап шегуші тарап жол көлік оқиғасына кінәлі тұлғаға қатысты ешқандай шағым жоқ екендігін жазып беру арқылы өз міндетін орындайды. Жауапкер өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда зардап шеккен жаққа 2 000 000 теңге бережақ боламын деп міндеттелген. Осылайша қолхат түріндегі ақшалай міндеттеме орын алды.

Алдын ала жүргізілген сот отырысында тараптар дауды бітімгершілік келісіммен шешу жолына келісіп, татуластырушы-судьяның қатысуымен медиативті келісімге келді. Келісімге сәйкес, жауапкер талапкерге медиативті рәсімді жасау кезінде 800 000 теңге көлеміндегі келтірілген шығынды қайтарып берді, ал талапкер 2 000 000 теңге көлеміндегі талап қою арызынан бас тартты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Олеся Ташимова

Орал қаласының №2 соты кеңсесінің бас маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив