Ювеналды соттың судьясы Т.С.Сұлтанова «Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау» атты тақырыбында дәріс оқыды

Ювеналды соттың судьясы Т.С.Сұлтанова «Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау» атты тақырыбында дәріс оқыды

         Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Т.С.Сұлтанова «Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау» атты тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында дәріс оқыды.

        Дәріс барысында судья Т.С.Сұлтанова Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылу тарихын және осы сотпен қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің қаралу ерекшеліктерін айтып өтті.  Сонымен қатар, тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие екендігін атап өтті.   

Іс-шара соңында, судья Т.С.Сұлтанова қатысушылардың қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.     

Қайнар: Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив