Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды  дұрыс толтыру мәселесі талқыланды

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды дұрыс толтыру мәселесі талқыланды

 

Жамбыл облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Әкімшілік істерді қарау және кәмелетке толмағанды Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебіне жіберу» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға Жамбыл облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Т.С.Сұлтанова, А.Б.Бексұлтанова,  Жамбыл облыстық ІІД әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторлары қатысты.

Іс-шара барысында судья Т.С.Сұлтанова әкімшілік құқық бұзушылықты саралау кезінде  әкімшілік заңнама нормаларын қолданудың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырудың дұрыстығын, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі  талқыланды.

Судьялар полиция инспекторларының назарын әкімшілік іс қозғау кезіндегі іс жүргізу қателіктеріне жол бермеуін және қандай жағдайларда сотпен жекеше қаулы шығаруға негіз болатындығын айтып өтті.

Сонымен қатар, карантин кезінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары қалай жүргізілетіні, яғни  заңды өкілдер мен  кәмелетке толмағандарға да қандай шаралар қолдану қажеттігі түсіндіріліп, талқыға алынды.

Іс-шара соңында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналарға қатысты ұсыныстар беріліп, яғни ұсынымдар әзірленді.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив