«Жастардың  медиация қызметіне көзқарасы» атты дебат

«Жастардың медиация қызметіне көзқарасы» атты дебат

 

БҚО Татуласу  орталығының  бастамасымен  БҚИТУ мен ҚазИТЖУ студенттері арасында  «Жастардың  медиация қызметіне көзқарасы»  атты дебат интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыстың әділ қазылар құрамын Орал қаласының №2 сотының судьясы Гүлнар Мусаурова қатысты.  Дебат –  белгілі  бір  ережелерге сәйкес  берілген  тақырып  бойынша  дау.  Жеребе  бойынша «Элита» (БҚИТУ)  командасының студенттері «жақтаушы» ретінде белгіленген тезисті растайтын және дәлелдейтін тарап, ал «Фемида» (КазИТЖУ) командасының студенттері «даттаушы» ретінде  теріске шығаратын тарап деп анықталып, сайысқа түсті.
Дебат төрт кезеңнен тұрды, онда: жүргізуші (тайм-спикер) және төрт адамнан тұратын екі команда ойнады. Сондай-ақ,  қарсылас команда мүшелері де жанкүйерлер де «қарсы  сұрақтар»  қойды.

Дау-дамайда командалар дәлелдермен жұмыс істеді, сұхбаттасушыны соңына дейін тыңдауға, өз ойларын қысқа және нақты білдіруге, қарсыластарының ұстанымына шыдамдылықпен қарауға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, адам мен азамат атағына лайық болуға үйренді.

Қызу пікірталас кезінде ұйымдастырушылар студенттерге жағымды мінез-құлық үлгісін жасауға көмектесті. Қазылар алқасы ешбір командаға артықшылық бермей,  ойынды әділ бағалады. Пікірсайыс нәтижесінде ойынның жеңімпазы «Элита» (БҚИТУ) командасы деп жарияланды, ол өз позициясын ең жарқын және сенімді түрде қорғап шықты.  Жеңімпаздар, қатысушылар және командалардың үздік спикерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Іс-шараның жоғары  дәрежеде өтуіне  атсалысып, ұйымдастыруға  көмектескені үшін БҚИТУ басшылығына және қазылар алқасының мүшелері – Орал қалалық № 2 сотының судьясы Г.Мусауроваға, қоғамдық медиатор Қ.Жаксыгуловқа алғыс білдірілді.

Ұйымдастырушылар сөзінше алдағы уақытта  бұл  жұмыс өз жалғасын табады. Дебат қаланың және облыстың барлық институттары мен колледждері арасында өткізілетін болады.Осы арқылы медиацияны жастар арасында кеңінен насихаттау жүргізілмек.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив