ANTIKOR.LIVE: ШҚО-да онлайн дебат өткізілді

ANTIKOR.LIVE: ШҚО-да онлайн дебат өткізілді

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында ШҚО-ның «Антикор орталығында» студенттер арасында «сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі қажет пе, жоқ па?» деген тақырыпта онлайн дебат өткізілді. Аталған дебатты ШҚО-ның жемқорлыққа қарсы қызметі мен "Жас отан" жастар қанатының ШҚОФ бірлесіп ұйымдастырды.

Пікірталасқа С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, ҚАЕУ колледжінің студенттері қатысты.

Дебат сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастардың азаматтық ұстанымын жандандыруға, отанымызда тәртіп орнату үшін жауапкершілік сезімін дамытуға бағытталған. Дебат барысында қатысушылар "сыбайлас жемқорлық деген не?", "Сыбайлас жемқорлық неге пайда болады?", "Сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін не істеу керек?" және басқалар сауалдарды талқылады. Дебатқа қатысушылар еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асырудағы аса маңызды мәселелердің бірі болып табылатын сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі туралы өз пікірлерімен бөлісті.

"Осындай іс-шаралардың негізгі мақсаты мен міндеті жастар арасында, атап айтқанда, ЖОО студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, сананы қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру болып табылады. Бұл негізгі бағыт", - деп түсіндірді ШҚО жемқорлыққа қарсы қызметінің бас маманы Г. Бекбаева.

Пікір сайыс соңында С.Аманжолова ШҚМУ 1 курс студенті Еміл Әли өз пікірін білдірді: "Жалпы, пікірталас түріндегі ойын өте пайдалы және қызықты. Біздің дүниетанымымызға зор әсерін тигізеді. Біз дебатқа дайындалғанда заңдарды оқып, ненің жақсы, ненің жаман екенін заң жүзінде түсінеміз. Біз құқық бұзушылықтың, оның ішінде сыбайлас жемқорлық - өз келешегімізге үлкен кедергі келтіретінін жақсы түсінеміз. Ең бастысы, егер қазақстандық жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасы болса, еліміз өркендеп, дамитыны сөзсіз".

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Beatris 9 апреля 2024 05:44

    I have been exploring for a little for any high quality
    articles or weblog posts on this sort of area . Exploring in Yahoo I finally stumbled upon this website.
    Reading this information So i am glad to show that I've a very good
    uncanny feeling I found out exactly what I needed. I most unquestionably will make
    certain to do not disregard this web site and provides it a glance regularly.


    My web site; precio de plavix en Perú

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив