СҚО-ның білімді жастары жемқорлықсыз болашақ үшін!

СҚО-ның білімді жастары жемқорлықсыз болашақ үшін!

Ғ. Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қолдауымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты қалалық пікірталас турнирі өтті.

Турнирді ұйымдастырушылар: Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы және «Қазақстанның болашағы үшін"ЖҚБ.

Дебат турнирі жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге назар аудару, қоғамдағы жастардың белсенділігін, патриоттық көзқарастарын қалыптастыру және дамыту мақсатында өтті.

Колледж студенттерінен құрылған 8 команда қатысты. Турнир Британдық парламенттік форматтың ережелері бойынша өтті.

Турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын – «Квартал» командасы (Подлесный Виктор, Погорелов Илья - гуманитарлық-техникалық колледжі @college_gtk);

2 орын – «Медики» командасы (Бекпадова Дильназ, Савичева Юлия -Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі @mksko.edu.kz);

3 орын – «Сила мысли» командасы (Голец Виктор, Сейтқазина Камилла - Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі @psek_sko).

Сондай-ақ, «Үздік спикер» атағы гуманитарлық-техникалық колледж студенті Виктор Подлесныйға берілді.

Жеңімпаздар мен «Үздік спикер» жүлделер, кубоктар және тиісті дипломдармен марапатталды. Қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, пікірталас кең дүниетаным мен шешендік өнерді дамытуға, сондай-ақ логикалық ойды жетілдіруге ықпал етеді.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив