Сотта дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

Сотта дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

         Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты талапкер К-ның жеке сот орындаушысына 2021 жылғы 20 тамыздағы берешекті анықтау туралы қаулыны заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша әкімшілік іс қаралды.

         Сот, Қарабалық аудандық сотының 2021 жылғы 25 ақпандағы сот бұйрығымен бұрынғы зайыбы К. пайдасына 2021 жылдың 24 ақпанынан бастап жалақысының және (немесе) өзге де кірісінің 4/1 бөлігі мөлшерінде кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алимент өндіріп алынғаны анықтады.

Атқарушылық іс-жүргізу  шеңберінде жеке сот орындаушысы 20 тамызда 309 092 теңге сомасына берешекті айқындау туралы қаулысы шығарған, бірақ талапкер К. жоғарыда аталған қаулысымен келіспей сотқа талап арызбен жүгінді.

Сот медиациясы рәсімін жүргізу барысында, талап қоюшы берешекті айқындау туралы қаулыға дау айтудан бас тартып, 100 000 теңге сомасына берешекті өтей отыра, тараптар келісімге келді.

Соттың 2021 жылғы 18 қазанындағы сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.        

Сванбеков Н.К. 

Қостанай облысының МАӘС судьясы

  

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив