Банк дауы бейбіт жолмен шешілді

Банк дауы бейбіт жолмен шешілді

Талап қоюшы жауапкердене кредиттік шарт бойынша пайда болған берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді. Шарт мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында жасалған, міндеттемелерді тиісінше орындамаудың салдарынан берешек пайда болып, оны талап қоюшы  жауапкерден өндіріп алуды сұрады.

Істі сот талқылауына дайындау сатысында тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізді және бекітуді және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған келісімді табыс етті. Келісімде іс жүзінде жауапкердің қаржылық мүмкіндіктері ескерілген қарызды өтеудің жаңа кестесі бекітілді.

 "Медиация туралы" Заңның 27-бабының 5-тармағына сәйкес дауды реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде көзделген тәртіппен бекітеді.

АПК-нің 277-бабының 6-бөлігіне сәйкес, егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Тараптарға іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптардың арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау бойынша сотқа екінші рет жүгінуге жол берілмейтіні түсіндірілді.

Төленген мемлекеттік баж банкке қайтарылды. 

Сарыарқа аудандық сотының судьясы Лейла Зинашева.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив