Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларға қатысты алименттік міндеттемелері

Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларға қатысты алименттік міндеттемелері

Азаматтық істердің едәуір бөлігі отбасылық құқықтық қатынастардан туындайтын даулардан тұрады. Осы санатқа алимент өндіріп алу, алимент мөлшерін өзгерту, алимент төлеуден босату туралы істер де жатады.

Алименттерді өндіріп алуға байланысты дауларды қарай отырып, соттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

«Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске сәйкес, алимент – бұл оны алуға құқығы бар басқа адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық көмек. Ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі кәмелетке толмаған балаларға, сондай-ақ еңбекке жарамсыз мұқтаж ересек балаларға күтім жасау болып табылады.

Ата-аналардың қалауы бойынша ерікті негізде өздерінің кәмелетке толмаған, кәмелетке толған балаларын (егер бала, балалар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын болса) күтіп-бағу туралы келісім жасасуға болады. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын 21 жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларға күтіп-бағуға қаражатты ерікті түрде ұсынбаған жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады.

Кодекстің 139-бабына сәйкес  алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін, екі балаға - үштен бір бөлігін, үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

Ата-аналардан балаларға алименттерді тұрақты ақшалай сомада өндіріп алу да заңмен қарастырылған. Мұндай жағдайларға тұрақты емес, өзгеретін табысы және (немесе) өзге де кірісі бар не егер ата-ана табысын және (немесе) өзге де табысын толық немесе ішінара заттай алатын болса, ата-аналарынан алименттерді өндіріп алу жатады.

Ата-аналардан балаларға алименттерді тұрақты ақшалай сомада өндіріп алу сияқты түсінік бар. Мұндай жағдайларға табысы тұрақты емес, өзгеретін және (немесе) өзге де кірісі бар ата-аналардан не егер ата-ана табысын және (немесе) өзге де табысын толық немесе ішінара заттай алатын алименттерді өндіріп алу жатады.

Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларын және назар аударуға тұрарлық басқа да мән-жайларды ескере отырып, баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін барынша ықтимал сақтау көлемінде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындайды.

Айта кету керек, алименттерді тұрақты ақшалай сомада өндіріп алу соттың міндеті емес, алименттерді үлестік тәсілмен өндіріп алудан немесе алименттерді төлеуден келісімді мәжбүрлеп орындатудан айырмашылығы  құқығы болып табылады. Сот алимент алуды талап ететін арыз берушінің уәждерімен келіспеуі де мүмкін.

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаларды күтіп-бағуды өндіріп алу алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот тәртібімен тұрақты ақша сомасында жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған алименттерді (егер бала, балалар орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын болса) өндіріп алудан басқа, алимент кәмелетке толған, бірақ еңбекке қабілетсіз балаларға да өндіріп алынады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес еңбекке қабілетті ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға міндетті. Бұл жағдайда келісім болмаған кезде алимент мөлшерін отбасының материалдық жағдайын негізге ала отырып сот айқындайды және ол айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде өндіріп алынады.

Егер алименттік келісім немесе ата-аналар арасында уағдаластық болмаса, онда алимент төлеу тәртібі мен мөлшерін, бұл ретте ата-аналардың екеуінің де материалдық жағдайын ескере отырып, сот айқындайды. Сонымен қатар алимент нақты қажеттіліктерге де, болашақта қажет болуы мүмкін алдағы қажеттіліктерге де талап етілуі мүмкін. 

Дәржан Хакімова 

Нұр-Сұлтан қаласы сотының Есіл аудандық сотының судьясы                                   

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Eugenia 24 января 2024 13:36

    A fascinating discussion is worth comment. I believe that
    you should write more on this subject, it might not be a taboo matter but typically people don't speak about
    such topics. To the next! All the best!!

    Look into my homepage ... Richard

  2. аватар
    Bonny 11 апреля 2024 02:24

    Greetings! I've been reading your site for some time now
    and finally got the courage to go ahead and give you a shout out from Humble Texas!
    Just wanted to mention keep up the good job!

    Here is my homepage: prezzo di
    flagyl

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив