Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары

Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары

          Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 10-бабына сәйкес, некеге тұруға тек кәмелеттік жасқа толғаннан кейін ғана рұқсат беріледі.  Егер, жүкті болса, ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.  Неке жасын төмендету тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімімен ғана жол беріледі.  Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға)  тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі.

         Бұл мақала сол кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары туралы болмақ. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» кодексінің 69-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған ата-аналардың баламен бірге тұруға және оның тәрбиесімен айналысуға құқығы бар. Некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған), кәмелетке толмаған ата-аналар балалы болған жағдайда және өздерінің ана және (немесе) әке болуы анықталған кезде олар он алты жасқа толған соң ата-ана құқықтарын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың ата-аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-аналары арасында туындаған  келіспеушіліктерді кәмелетке толмаған баланың және ата-аналарының мүдделері мен құқықтарын ескере отырып, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешеді.

         Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және ана болуын тануға және оған дау айтуға құқығы бар., сондай-ақ өздері он төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуды анықтауды талап етуге құқығы бар.      

 

Қылмыстық істер жөніндегі

 мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы М.Аккузова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив