«Отбасылық сот» пилоттық жобасының жаңа жұмыс форматы

«Отбасылық сот» пилоттық жобасының жаңа жұмыс форматы

 «Отбасылық сот» пилоттық жобасын одан әрі дамыту шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласында Нәжімеденов көшесі, 10/2 мекенжайында орналасқан Татуласу орталығының базасында отбасы институтын нығайту, халықты отбасы және неке, баланың толық отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы, ата-ананың қамқорлығына алу құқығы мәселелерінде хабардар ету мақсатында қала соттарының жұмысы жаңа форматта жалғастырылды.

Мәлімделген мақсаттарға сәйкес жоба қоғамда дауларды сотқа дейін реттеу және жанжалдарды азайту институттарын дамыту, некені бұзу туралы өтініштердің түсу сатысында татуластыру рәсімдері бойынша өзара іс-қимыл жасау, жас отбасыларға, көп балалы отбасыларға психологиялық көмек көрсету және қолдау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауды жүргізу басым міндеттердің бірі болып табылады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы Коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, «Ең бақытты ел» қоғамдық қорымен бірлесіп отбасылық құндылықтарды насихаттау, татуластыру рәсімдерін және отбасылық жанжалдарды бейбіт жолмен шешу практикасын дамыту бойынша іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге осы Орталықтың базасында азаматтарға заңгерлер мен медиаторлардың күшімен неке-отбасылық қатынастардан туындайтын мәселелер мен даулар бойынша консультативтік және құқықтық көмек көрсету жоспарлануда, ҚазМЗУ студенттерінің күшімен халыққа талап арыздарды жасау бойынша тегін көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, Орталықтың базасында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған, ол бойынша азаматтарға тіркеуші орган арқылы неке қию және некені бұзу туралы өтініштер беру сияқты неке-отбасы заңнамасына қатысты мәселелерді шешу бойынша Еgov қызметтерін пайдалануға болады.

Сонымен бірге азаматтарға отбасында үйлесімді қарым-қатынас құру бойынша психологиялық тренингтерге қатысу мүмкіндігімен психологтың, неке шартын жасасу, отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері мәселелері бойынша хабардар ету мақсатында заңгердің тегін көмегі ұсынылады.

«Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі міндеттерді орындау отбасының сақталуына, отбасылық қатынастарды сауықтыруға бағытталған кешенді тәсіл негізінде даулардың осы санатын қарау бойынша іс-қимылдардың жекелеген алгоритмінен тұрады. 

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьясы

Айгүл Молдыбаева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив