Сотта «Отбасылық сот» пилоттық жобасының артықшылықтары талқыланды

Сотта «Отбасылық сот» пилоттық жобасының артықшылықтары талқыланды

 

Орал қаласының №2 сотында  «Отбасылық сот» жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына сот төрағасы Азамат Борамбаев, сот судьялары мен Орал қалалық әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Шалқыма Құрманалина, АХАТ бөлімінің басшысы Талғат Қайрекеев,   қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анаргүл Сисенова, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Орал қаласының №2 сотында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы 2019 жылдың қаңтарынан бастап жүзеге асырылып келеді. Жобаға кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты, сондай-ақ әкімшілік соты (тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты істер санаты бойынша) қатысады. Оның шеңберінде отбасы-неке қарым-қатынасы саласында туындайтын дауларды қараудың жаңа тәсілі айқындалды, атап айтқанда – Жоғарғы Сот әзірлеген ұсынымдарға сәйкес  сот дауды мәні бойынша шешумен шектеліп қана қоймай, отбасын сақтау және тараптарды татуластыру шараларын қабылдайды.

А.Борамбаев осы жөнінде айта келе,  соттың отбасы институтын нығайту, отбасылық қарым-қатынасты жақсарту және ажырасулар санын азайту бойынша жұмыстарына барлық құзырлы органдардың жұмыла жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Спикерлер пилоттық жобаның әлеуетін егжей-тегжейлі талқылады. Олар талқыланып отырған тақырып шеңберінде пікір алмасып, шиеленісті реттеу жөніндегі әрекеттер тізбегінде дауды сотта шешу ең соңында тұратындай жағдай жасау қажеттігі туралы бірқатар ұсыныстар енгізді.

Шара соңында соттың «Отбасылық сот» пилоттық жобасы басталғалы бері үйлестіріп келген судьялары Шынар Шайдиеваға, София Ахмерова мен Марина Сахиповаларға қала әкімі Абат Шыныбековтың атынан алғыс хаттар табыс етілді.

 

Олеся Ташимова

Орал қаласының №2 соты

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив