Алқабилер қатысуымен өткізілетін сот отырысының ерекшелігі

Алқабилер қатысуымен өткізілетін сот отырысының ерекшелігі

  1. Алқабидің рөлі

Алқаби болу Сіздің Қазақстан Республикасындағы облыстық және оған теңестірілген сотында атқаратын құрметті міндетіңіз. Сіз сот төрелігін жүзеге асыру кезінде белгілі тұлғаға айналасыз.

         Кінәсіздің сотталуы, не қылмысты жасаған кінәлінің ақталуы, не болмаса, шынайы сот төрелігінің орын алуы, Сіздің өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізден, принципшілдігіңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыздан туындайтын ішкі нанымыңызға және Сіздің дәлелдемелерді  мұқият зерттеуіңізге негізделетін шешіміңізге байланысты болады.

         «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  1-бабына сәйкес, «заңда көзделген тәртіпте, сотта істі қарауға қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы алқаби болып табылады.» 

  1. Алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімі

Алқабиге кандидаттарды іріктеу, сотта жинақталған бірыңғай және қосалқы (жылдық) тізімдерден кездейсоқ таңдау арқылы жүргізіледі, іріктеу аяқталғаннан кейін, алқабилерге кандидаттардың алдын-ала тізімі жасалады. Бұл орайда азаматтар алқабилер міндетін атқаруға қылмыстық іс қаралатын бүкіл уақыт аралығына күнтізбелік жыл ішінде бір рет қана шақырылады.

         Сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктелмеген тұлғалар, басқа сот отырысына алқаби ретінде қатысу үшін тартылуы мүмкін. 

  1. Алқабиге кандидаттарды іріктеу тәртібі

Төрағалық етуші іріктеу рәсімі басталғанға дейін алқабиге кандидаттарғапроцесс тараптарын, қандай қылмыстық істің қаралатындығын хабарлап, алқабилердің қылмыстық істерді қарауға қатысуының  тәртібі мен міндеттерін түсіндіреді.

         Төрағалық етуші судья алқаби міндеттерін атқарудан босатады:

  • Қылмыстың жасалуына сезіктілерді немесе айыпталушыларды;
  • Сот өндірісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарды (сотта ілеспе аудармамен қамтамасыз етілмеген кезде);
  • Мылқау, саңырау, соқыр және басқа да мүгедектерді (олардың сот отырысына толыққанды қатысуына ұйымдастырушылық немес техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде);

Ауызша немесе жазбаша өтініші бойынша төрағалық етуші алқаби міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін:

  • 65 жастан асқан адамдарды;
  • Үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді;
  • Өздерінің діни нанымдары бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу, өзі үшін мүмкін емес  деп есептейтін тұлғаларды;
  • Қызметтік міндеттерін атқарудан алаңдату, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге едәір зиян келтіруі мүмкін тұлғаларды (дәрігер, мұғалім, әуежолдарының пилоттары және т.б.)
  • Сот отырысына қатыспауға дәлелді себептері бар өзге де адамдарды.

Төрағалық етуші прокурордың, жәбірленушінің, айыпталушының және оның қорғаушысының жазбаша нысанда ұсынған сұрақтарын, сондай-ақ алқабилер алқасын құру үшін маңызы бар басқа да сұрақтарды кандидаттарға өз қалауы бойынша қоя салады. Сіз төрағалық етушінің сұрақтарына шынайы жауап беруге, сондай-ақ оның талап етуі бойынша өзіңіз туралы және іске қатысатын басқа да адамдармен қарым-қатынасыңыз туралы қажетті ақпараттарды ұсынуға міндеттісіз.

         Төрағалық етуші нақты іс бойынша заңсыз ықпал ету салдарынан істің мән-жайын процессуалдық  емес қайнар көздер арқылы біліп, ол туралы  әр түрлі қалыптасқан пікір бар, объективтілігі негізді күдік тудыратын тұлғаны және де алқаби  кандидатының алқаби ретінде істі қарауға қатысуы кезінде,  оның  объективті болмауының мүмкін екендігін көрсететін басқа да себептерге байланысты  алқаби міндетін атқарудан босата алады.

         Дәлелді қарсылықтардың негізінде алқабилердің кез келген саны тізімнен шығарылып тасталуы мүмкін. Демек, бұл жағдай  кандидаттың осы қылмыстық процесте алқаби міндеттерін атқаруына кедергі болатын құқықтық негіздің  бар екендігін білдіреді. Соныменн қатар, тараптардың әрқайсысы кандидаттарға ешбір дәлелсіз қарсылық білдіруге құқылы, яғни олар кандидаттарды алқабилердің алдын ала тізімінен негіздерін көрсетпестен шығарып тастай алады.

         Істі сотта қарайтын алқабилер алқасы, жеребе тастау арқылы негізгі құрамдағы  тоғыз алқабиден (алқабилер арқасының құрамын құрайтын) және қосалқы екі алқабиден құрылады.  Қосалқы алқабилер сотта істі қарауға қатысады және егер де негізгі алқаби белгілі бір себептермен сот отырысына қатыса алмаса, онда  оны қосалқы алқабидің кез келгені алмастыра алады.

         Алқабилер алқасы құрылғаннан кейін төрағалық етуші алқабилерге келесі мазмұндағы антты қабылдау жөнінде ұсыныс жасайды: 

         «Алқабидің міндеттерін атқаруға кірісе отырып, өз міндеттерімді адал және мінсіз ат қаруға, сотта қаралған  барлық дәлелдемелерді, дәлелдерді, істің мән-жайын назарыма алуға, ерікті азамат және  әділ адам ретінде істі өзімнің ішкі нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемін.»

         Сіз «Мен ант етемін»  сөздерін айту арқылы антты қабылдағандығыңызды растайсыз және өз міндеттеріңізді атқаруға кіріссіз.

         Төрағалық  етуші судья Сізге Сіздің істі қарауға қатысты әрекеттердегі құқықтарыңызды, міндеттеріңіз бен шектеулеріңізді  түсіндіреді, сондай-ақ міндеттерді   бұзу  мен шектеулерді сақтамаудың  салдары туралы ескертеді. Сіз қылмыстық процесс қатысушыларын мұқият тыңдап, ұсынылған дәлелдемелерге  көңіл бөлуге және істің нақты мән-жайына негізделген үкім шығаруға тиістісіз. 

  1. Алқабилер қатысатын соттың қатысушылары

Төрағалық етуші судья сот отырысына басшылық етіп, алқабилерге нұсқаулар беріп, құқық қолдану мәселелері бойынша шешімдерді қаблдайтын және процестегі тәртіпке жауап беретін судья.

         Мемлекеттік айыптаушы прокурор, сотта мемлекет атынан айыптауды қолдайтын прокуратура органының лауазымды тұлғасы;

         Қорғаушы адвокат сотталушының немесе жәбірленушінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын  тұлға;

         Сотталушы прокурордың қаулысымен сотқа берілген, қылмыстың жасалуына айыпталушы тұлға;

         Жәбірленуші қылмыстан жәбір шеккен тұлға. 

  1. Қылмыстық процесс

Алқабилер соты Қазақстан Республикасының облыстық және оған теңестірілген  соттарының сотталуына жататын, жасалғаны үшін қылмыстық заңда жазалау шарасы ретінде өлім жазасы көзделген қылмыстар туралы істерді қарайды.

Алқаби міндеттерін атқара отырып, Сіз қылмыстық  заңға сәйкес сотталушының кінәлігі немесе кінәсіздігі туралы мәселені шешуге, ал ол кінәлі болған жағдайда оған әділ жазатағайындауға тиістісіз. 

  1. Сот тергеуі

Сот тергеуі тараптардың тағылған айып бойынша өз айқындамаларын баяндайтын кіріспе мәлімдемелерінен басталады. Кіріспе мәлімдемелерден кейін сотталушыдан, жәбірленушіден, куәлардан және қылмыстық процестің басқа да қатысушыларынан жауап алынады, сонымен қатар ұсынылған басқа да дәлелдемелер зерттеледі. Сіз қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды зерттеуге қатысуға, төрағалық етуші арқылы  процесс қатысушыларына сұрақтар қоюға, заттай айғақтар мен құжаттарды қарауға қатысуға құқылысыз. Сот өз сұрақтарыңызды жазбаша түрде баяндауға және төрағалық етушіге беруге тиістісіз.

         Төрағалық етуші Сіздің сұрақтарыңызды, егер де олар іске  қатыссыз, сондай-ақ жетекші немесе қорлау сипатында болса, қабылдамауға құқылы. 

  1. Дәлелдемелер

Дәлелдеме бұл сот  талқылауында зерттелетін кез келген мәлімет. Оларды Сіз көріп, естіп, қарап, талқылай аласыз.  Дәлелдемелер ретінде мыналар болуы мүмкін: сұрақтардың жауаптары, заттар, құралдар, мысалы фотосуреттер немесе киімдер, жазбаша  айғақтар және т.б. 

  1. Тараптартардың жарыссөздері, репликалары, сотталушының соңғы сөзі

Сот тергеуі аяқталғаннан кейін, сот тараптардың жарыссөздерін тыңдауға көшеді.

         Алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыс сөздері екі бөлімнен тұрады. Жарыс сөздің бірінші бөлімі соталушының бұрынғы сотталғанына қарамастан, оның кінәсінің дәлелдену немесе дәлелденбеу себептеріне қатысты өзіндік позициясын баяндайтын мемлекеттік айыптаушыны, жәбірленушінің, қорғаушы мен сотталушыны сөздерінен тұрады.

         Тараптардың алқабилер  қатысатын соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды айтуға  және  сот отырысында зерттелмеген немесе  жарамсыз деп танылған дәлелдемелерге сүйенуге құқығы жоқ. Төрағалық етуші ондай сөздерді үзіп тастайды, Сіз осы жағдайларды үкім шығару  кезінде  ескермеуіңіз керек.

         Жарыссөздің  екінші бөлігі, сотталушының әрекетін саралау, жаза тағйындау, азаматтық талап мәселелеріне қа тысты позицияларда баяндалатын мемлекеттік  айыпталушының,  сондай-ақ  жәбірленушінің, азаматтық талапкердің  және жауапкердің немесе олардың  өкілдерінің, қорғаушы  мен сотталушының сөздерінен тұрады. Жарыссөздің екінші бөлігі Сіздің қатысуыңызсыз жүргізіледі.

         Жарыссөздің әрбір бөлігінен кейін соттағы жарыссөз  қатысушыл арының репликаға құқығы бар. Соңғы реплика құқығы  қорғау  тарапына  тән  болып  табылады. 

         Қорғаушының соңғы репликасынан кейін, сотталушыға соңғы сөз беріледі. 

  1. Алқабилерге сұрақтар

Төрағалық етуші сот жарыс сөзі аяқталған кейін, екінші судьямен бірге тараптардың пікірлерін ескере отырып, сұрақ  парағын дайындайды,  оның түпкілікті негізі кеңесу бөлмесінде тұжырымдалады. Сұрақтарды талқылау және  тұжырымдау кезінде Сіз сот отырысы залынан шығып кетесіз. Сот отырысында сұрақ парағы Сіздің қатысуыңызбен жария  етіледі.

         Сұрақ парағына міндетті түрде енгізілетін, негізгі сұрақтар: 1) әрекеттің болғандығы дәлелденді ме?; 2) осы әрекетті сотталушының істегендігі дәлелденді ме?; 3) осы әрекеттің  жасалуына сотталушы кінәлі ме?! Сұрақтар парағында кінәлілік  дәрежесін арттыратын  немесе төмендететін   не болмаса сотталушының жауапкершіліктен босатылуына әкеліп соқтыратындай  оның сипатын өзгертетін мән-жайлар туралы  сұрақтардың болуы мүмкін. Қажетті жағдайларда, қылмыстық ниеттің  жүзеге  асырылуы  дәрежесі, әрекеттің  аяқталмауына әсер еткен  себептер, әрбір  сотталушының  қылмысты жасауға қатысуының  дәрежесі  мен  сипаты  туралы  сұрақтарр жеке қойылады. Егер оның қорғану құқығына  нұқсан  келтірмейтін  болса, онда Сіз  онша ауыр емес қылмысты жасаудағы сотталушының  кінәлілігін анықтайтын мәселені шешуіңіз мүмкін. 

  1. Төрағалық етушінің алқабилерге жүгінуі

Сұрақ парағы жария етілген кейін, төрағалық етуші Сіздерге жүгінеді  және:

  • Айыптау мазмұнын еске салады;
  • Сотталушы айыпталып отырған әрекетті жасағаны үшін жауаптылық қарастырылған қылмыстық заңның  мазмұнын хабарлайды;
  • Сотталушының әшкерелейтін, не болмаса оны  ақтайтын   сотта зерттелген дәлеледемелер туралы, оларға қатысты көзқарасын және қорытындысын білдірместен еске салады;
  • Мемелекеттік айыптаушы мен қорғаушының позицияларын баяндайды;
  • Сіздерге жиынтық дәлелдемелерді бағалаудың ережесін; кінәсіздік презумпция принципінің мәнін; сотталушыға қатысты жойылмаған күмәндарды талқылау ережелерін;  Сіздің қорытындыларыңыздың тек сот отырысында тікелей зерттелген дәлелдемелерге ғана негізделетіндігі туралы ережені, Сіз үшін ешқандай дәлелдемелердің алдын ала белгіленген күшінің  болмайтындығын, Сіздің  қорытындыларыңыздың болжамдарға, сондай ақ соттың жарамсыз  деп танылған  дәлелдемелеріне негізделмейтіндігін түсіндіреді;
  • Сіздің назарыңызды, сотталушының сотта жауап беруден бас тартуының немесе оның үндемей қалуының заңдық маңызының және оны сотталушының кінәлә екендігінің айғағы ретінде қарастыруға болмайтындығына аударады.
  • Жиналыстың және негізгі мәселелер бойынша бюллетеньдерді толтырудың тәртібін, үкім шығару бойынша жалпы дауыс берудің тәртібін түсіндіреді.

Бұдан кейін алқабилердің негізгі құрамы және екі судья кеңесу бөлмесіне шығын кетеді.                              

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы М.Аккузова

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

  1. аватар
    Leandro 3 декабря 2023 03:23

    I'm truly enjoying the design and layout of your blog.

    It's a very easy on the eyes which makes it much more enjoyable for me
    to come here and visit more often. Did you hire out a designer to create your theme?
    Outstanding work!

    Here is my site: Annette

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив