Алқабиге кандидаттарды іріктеу тәртібі

Алқабиге кандидаттарды іріктеу тәртібі

Төрағалық етуші іріктеу рәсімі басталғанға дейін алқабиге кандидаттарғапроцесс тараптарын, қандай қылмыстық істің қаралатындығын хабарлап, алқабилердің қылмыстық істерді қарауға қатысуының  тәртібі мен міндеттерін түсіндіреді.

         Төрағалық етуші судья алқаби міндеттерін атқарудан босатады:

  • Қылмыстың жасалуына сезіктілерді немесе айыпталушыларды;
  • Сот өндірісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарды (сотта ілеспе аудармамен қамтамасыз етілмеген кезде);
  • Мылқау, саңырау, соқыр және басқа да мүгедектерді (олардың сот отырысына толыққанды қатысуына ұйымдастырушылық немес техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде);

Ауызша немесе жазбаша өтініші бойынша төрағалық етуші алқаби міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін:

  • 65 жастан асқан адамдарды;
  • Үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді;
  • Өздерінің діни нанымдары бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу, өзі үшін мүмкін емес  деп есептейтін тұлғаларды;
  • Қызметтік міндеттерін атқарудан алаңдату, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге едәір зиян келтіруі мүмкін тұлғаларды (дәрігер, мұғалім, әуежолдарының пилоттары және т.б.)
  • Сот отырысына қатыспауға дәлелді себептері бар өзге де адамдарды.

Төрағалық етуші прокурордың, жәбірленушінің, айыпталушының және оның қорғаушысының жазбаша нысанда ұсынған сұрақтарын, сондай-ақ алқабилер алқасын құру үшін маңызы бар басқа да сұрақтарды кандидаттарға өз қалауы бойынша қоя салады.  Сіз төрағалық етушінің сұрақтарына шынайы жауап беруге, сондай-ақ оның талап етуі бойынша өзіңіз туралы және іске қатысатын басқа да адамдармен қарым-қатынасыңыз туралы қажетті ақпараттарды ұсынуға міндеттісіз.

         Төрағалық етуші нақты іс бойынша заңсыз ықпал ету салдарынан істің мән-жайын процессуалдық емес қайнар көздер арқылы біліп, ол туралы  әр түрлі қалыптасқан пікір бар, объективтілігі негізді күдік тудыратын тұлғаны және де алқаби кандидатының алқаби ретінде істі қарауға қатысуы кезінде,  оның  объективті болмауының мүмкін екендігін көрсететін басқа да себептерге байланысты алқаби міндетін атқарудан босата алады.

         Дәлелді қарсылықтардың негізінде алқабилердің кез келген  саны тізімнен шығарылып тасталуы мүмкін. Демек, бұл жағдай  кандидаттың осы қылмыстық процесте алқаби міндеттерін атқаруына кедергі  болатын құқықтық негіздің  бар екендігін білдіреді. Соныменн қатар, тараптардың әрқайсысы кандидаттарға ешбір дәлелсіз  қарсылық білдіруге құқылы, яғни олар кандидаттарды алқабилердің алдын ала тізімінен негіздерін көрсетпестен шығарып тастай алады.

         Істі сотта қарайтын алқабилер алқасы, жеребе тастау арқылы негізгі құрамдағы тоғыз алқабиден (алқабилер арқасының құрамын құрайтын) және қосалқы екі алқабиден құрылады.  Қосалқы алқабилер сотта істі қарауға қатысады және егер де негізгі алқаби белгілі бір себептермен сот отырысына қатыса алмаса, онда  оны қосалқы алқабидің кез келгені алмастыра алады.

         Алқабилер алқасы құрылғаннан кейін төрағалық етуші алқабилерге келесі мазмұндағы антты қабылдау жөнінде ұсыныс жасайды: 

         «Алқабидің міндеттерін  атқаруға кірісе отырып, өз міндеттерімді адал және мінсіз ат қаруға, сотта қаралған барлық дәлелдемелерді, дәлелдерді, істің мән-жайын назарыма алуға, ерікті азамат және  әділ адам ретінде істі өзімнің ішкі нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемін.»

         Сіз «Мен ант етемін»  сөздерін айту арқылы антты қабылдағандығыңызды растайсыз және өз міндеттеріңізді атқаруға кіріссіз.

         Төрағалық  етуші судья Сізге Сіздің істі қарауға қатысты әрекеттердегі құқықтарыңызды, міндеттеріңіз бен шектеулеріңізді түсіндіреді, сондай-ақ міндеттерді   бұзу  мен шектеулерді сақтамаудың  салдары туралы ескертеді. Сіз қылмыстық процесс қатысушыларын мұқият тыңдап, ұсынылған дәлелдемелерге  көңіл бөлуге және істің нақты мән-жайына негізделген үкім шығаруға тиістісіз. 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы М.Аккузова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

  1. аватар
    Van 2 марта 2023 17:57

    Whats up very cool site!! Man .. Beautiful .. Amazing .. I will bookmark your web site and
    take the feeds also? I'm glad to seek out a lot of useful information right
    here within the submit, we need work out more techniques
    in this regard, thanks for sharing. . . . . .

    Also visit my web page; hair
    care

  2. аватар
    Abbey 24 августа 2023 16:07

    Greetings! Very helpful advice within this post!
    It is the little changes that make the most
    important changes. Thanks a lot for sharing!


    Here is my blog post: Kay

  3. аватар
    Bernadine 18 сентября 2023 13:08

    Greetings! I know this is somewhat off topic but I was wondering which
    blog platform are you using for this site? I'm getting fed
    up of Wordpress because I've had problems with hackers and I'm looking at options for
    another platform. I would be awesome if you could point me in the
    direction of a good platform.

    Here is my web-site :: reductil en vente au Maroc
    sans prescription

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив