Алқабилердің қатысуымен болатын сот отырысында кеңесу мен дауыс беруді жүргізудің тәртібі

Алқабилердің қатысуымен болатын сот отырысында кеңесу мен дауыс беруді жүргізудің тәртібі

 

         Кеңесу бөлмесінде судьялар мен алқабилер алқасынан басқа басқа тұлғалардың  болуына  рұқсат етілмейді.

         Жиналыс төрағалық етушінің басшылық етуімен жүргізіледі. Төрағалық етуші шешілуге тиіс мәселелерді рет-ретімен талқылауға қойып, дауыс беруді  және дауыстардың есебін жүргізеді.

         Сіз төрағалық етушіден Сізге істің айқын емес тұстарын түсіндіріп беруді сұрауға құқылысыз.

         Сіз сот отырысында жеке жазбалар жүргізуге және оны кеңесу бөлмесінде қолдануға құқылысыз.

         Негізгі мәселелер бойынша дауыс беру жазбаша және құпия жүргізіледі. Сіздің дауыс беру  кезінде  қалыс қалуға құқығыңыз жоқ. Судьялар мен алқабилердің дауыстары тең дәрежеде  болады.

         Сіз дауыс беру үшін, таза бюллетеньдер аласыз, сонымен қатар әрбір мәселеге жекелеген бюллетеньдер ұсынылады. Сіз сұрақты  мақұлдаған жауабыңызды «иә, дәлелденді» немесе «иә, кінәлі» сөздерімен білдіре аласыз, ал сұрақты құптамаған жауабыңызды «жоқ, дәлелденбеген» немесе  «жоқ, кінәлі емес»  сөздерімен білдіре аласыз. Сіз өз бюллетеньдеріңізді  дауыс беру жәшігіне саласыз.

         Егер де дауыс берушілердің көпшілігі негізгі сұрақтың әрқайсысын мақұлдаған үш жауабына дауыс берген болса, онда айыптау үкімі қабылданған болып есептеледі.

         Егер де  дауыс берушілердің алтауы не одан да көбі қойылған негізгі сұрақтардың кез келгеніне құптамаған жауап үшін дауыс берсе, онда аққау үкімі қабылданған болып есептеледі. Жауаптары бар сұрақ парағына судьялар және Сіздер, яғни алқа билер қол қоясыздар.

         Сотталушыны кінәлі деп танылған жағдайда, төрағалық етуші Сізге жауапкершілігін ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды түсіндіріп, сотталушының жеке басы туралы хабарланғаннан кейін, Сіздің шешуіңізге жаза тағайындау туралы мәселе қойылады.

         Бұдан басқа Сіздің шешуіңізге сотталушыны құрмет, әскери, арнайы немесе басқа да атақтарынан (айыру туралы Қазақстан Республикасы Президентіне ұсыныс енгізу), кластық шенінен, дипломатиялық рангісінен, біліктілік класынан, мемелекеттік наградасынан айыруға қатысты қосымша жаза тағайындау туралы мәселелер де қойылуы мүмкін.

Егер осы шешімге дауыс берушілердің сегізі не одан да көбі дауыс берсе, онда 15 жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалады.

         Айрықша жазалау шарасы – өлім жазасы  судьялар мен алқабилердің бірауыздан шығарылатын шешімі болған кезде ғана тағайындалуы мүмкін.  

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы М.Аккузова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Ulnldc 21 августа 2023 07:46

    order acarbose 25mg generic <a href="https://dipyxcin.com/">how to get fulvicin without a prescription</a> griseofulvin for sale

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив